Өңірлер

Петропавлда мас жүргізуші полицейді қағып кетті

© Sputnik / Юрий Стрелец / Медиабанкке өтуПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшысы қызметін орындау кезінде зардап шекті, ал құқық бұзушы күшпен ұсталған

ПЕТРОПАВЛ, 16 қаңтар — Sputnik. Петропавл полициясы тәртіп сақшыларының біріне қатысты күш қолдану туралы істі тергеп жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицей айыппұл салып жатыр, архив фотосы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағанды облысында апат орнында жұмыс істеп жатқан 2 полицейді қағып кетті

Патрульде жүрген полицейлер "Мерседес" жүргізушісінің жолдағы оғаш қылығын байқапты.

"Билік өкілдерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабын ол тыңдамаған. Полицейлер соңынан біраз қуып, құқық бұзушыны тоқтатады, алайда ол көліктен шығуға бас тартып, алдында тұрған полиция қызметкерін қағып кетті. Тәртіп сақшылары оны тоқтату үшін күш қолдануға мәжбүр болған" – деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметі.

Жүргізуші – 1978 жылы туған Петропавл тұрғыны, жүргізуші куәлігінен айырылған, оның орташа деңгейде мас екені анықталды.

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында полицейді атып кетті

"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексі 380-бабы "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне енгізілді", — деп хабарлады қаланың полиция басқармасы бірінші полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Балабек Жахин.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, енді онымен жедел тергеу тобы айналысады.

Жаңалықтар
0