Оқиға

Қарағанды облысында апат орнында жұмыс істеп жатқан 2 полицейді қағып кетті

© Photo : Пресс-служба ДВД города АлматыПолицей айыппұл салып жатыр, архив фотосы
Полицей айыппұл салып жатыр, архив фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысында жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті, оның екеуі полицей

АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Қарағанды облысында көлік қағып кеткен екі полицей ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Дубай - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Дубайда қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты

Жол апаты 13 шілде кешке болды. ВАЗ арнайы автокөлігінің экипажы Қызылорда-Павлодар жолында жол апаты болған жерде жұмыс істеп жатқан. Осы уақытта жүк көлігін айналып өтпек болған Audi жүргізушісі ВАЗ-ға соғылады. 

Салдарынан екі полцей көптеген жарақат алып, Абай қаласындағы ауруханаға жеткізіледі. 

Бұдан бөлек, соқтығыстан Audi жүргізушісінің өзі мен полицейлердің көлігінде отырған бірінші апатқа байланысты сұралып жатқан 26 жастағы ер адам зардап шекті. 

Қылмыстық кодекстің жол қозғалысы ережесін бұзу бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Жаңалықтар
0