Өңірлер

"Өлтірмей тұрғанда" Әйел үйде босануға мәжбүрлеген күйеуі туралы айтып жылады

© Sputnik / Табылды КадырбековҚол көтеру
Қол көтеру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел халықтан құжаттарын қалпына келтіру үшін көмек сұрап отыр

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Гүлдәрия Теміржанова Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданының Сызған ауылында туып-өскен. Алматы қаласына 2005 жылы анасының соңынан көшіп келген. Бүгінде жасы отыздан асып, бір қыз тәрбиелеп отырса да, әлі күнге дейін жеке куәлік жасатып көрмегенін айтады. 

әйел мен ер адам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әйелдер күйеуінен өшті төсек қатынасынан бас тарту арқылы алады - психоаналитик
"Анамның айтуы бойынша, әкеміз қайтыс болғаннан кейін біздің құжатымызды дұрыстауға мүмкіндігі болмаған. Бірақ кейін ол кісі құжаттарымды жасатып, мені Түркістан қаласы Ынтымақ ауылындағы туыстарына жібереді. Қолымда туу туралы куәлік пен мектептен алған қағаздарым болды. Бірақ автобуста осының бәрін ұрлатып алдым. Өмірімде қиындық көп болды", — деп көзіне жас алды Гүлдәрия Теміржанова Қазақстан арнасының "Қарекет" бағдарламасында.

Әрі қарай әйел 2013 жылы Түркістан маңындағы Нұртас ауылының азаматына тұрмысқа шыққанын айтты. Арада бір қыз дүниеге келгеніне қарамастан, заңды некеге тұрмаған. Кейін күйеуінің шектен тыс қызғаншақтығына бола бөлек тұруына тура келген.

"Ол кісі нашарлау болды. Мені әке-шешеңе кетіп қаласың деп қатты қызғанып, үйден бір адым шығармады. Тіпті, босанар кезде перзентханаға жібермей, қызымды үйде тууға мәжбүр болдым. Ең ақыры қызыма сегіз ай толғанда маған қол көтеріп, енем "Сені өлтіріп тастамай тұрғанда төркініңе апарып тастайын" деп үйіме әкелді. Сол кеткеннен күйеуіммен ұзақ уақыт араласпадым", — дейді ол.

Тағы оқыңыз:

Бұдан кейін әйел 2017 жылы күйеуімен қайта татуласпақ болып, Ынтымақ ауылына қызымен бірге барады. Қайын жұртының үйінде азаматтық некедегі күйеуімен қайта жолығып, екеуі бірге тұруға шешім қабылдайды. Бірақ араға үш күн салып күйеуі тағы да ішімдік ішіп, қол көтерген. Осы жағдайдан кейін бұрынғы қателігін қайталамайын деп үйден кетіп қалған. Енді өзінің құжаттарын толықтай қалпына келтіру үшін жұрттан көмек сұрап отыр.

Жаңалықтар
0