Қоғам

"Тапсырыс емес, тағдыр" — сотталушы Денис Теннің қазасы туралы

© Sputnik / Алексей СтефановДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотталушы Арман Құдайбергенов мәнерлеп сырғанаушыны өлтіруді алдын ала жоспарламағанын тағы да айтты

АЛМАТЫ, 14 қаңтар — Sputnik. Көлік айнасын ұрлап, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деп айыпталып отырғандардың бірі спортшының өлімі арнайы тапсырыс емес, тағдыр екенін айтты, деп хабарлайды тілшісі сот залынан.

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Тен қашуды ойлаған да жоқ: күдікті спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді
Дүйсенбі, 14 қаңтар күні, Арман Құдайбергенов прокурор тергеу видеосын көрсеткеннен кейін сотта тағы жауап берді.

Құдайбергенов пен сотталушы Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтірді деп айыпталып отыр. Осы уақытқа дейін жәбірленуші тараптың адвокаты мәнерлеп сырғанаушының арнайы тапсырыспен өлтірілген болуы мүмкін екенін айтып, істі қайта қарауға жіберуді сұрады. Алайда сот төрағасы бұл өтінішті қабыл алмады.

"Барлығы сіз (Оксана Тен — мәнерлеп сырғанаушының анасы — Sputnik) ойлап тұрғандай болған жоқ. Оны өлтіруді жоспарлаған емеспіз. Бұл тапсырыс емес, тағдыр болды деп ойлаймын", — деп мәлімдеді Құдайбергенов.

Ол көліктің айнасын ұрлап, Денис Тенмен төбелескенін мойындағанымен, оны өлтіруді алдын ала жоспарламағанын айтады.

Тағы оқыңыз: 

"Мен амалсыздан ұрлыққа бардым. Бұрын сотталғандықтан, мені ешкім жұмысқа алғысы келмеді", — деді Құдайбергенов.

Денис Тенді кім пышақтады?

Екі сотталушының айтуы бойынша, Денис Тенді Нұралы Қиясов пышақпен жарақаттаған. Құдайбергенов көліктің айнасын шешіп жатқан кезде оны Тен көріп қалып, соңынан жүгіріп барып ұстап алады. Әрі қарай Құдайбергенов пен спортшы төбелесе жөнеледі. Осы кезде ұрыға көмектесу үшін Қиясов жүгіріп келеді.

Сотталушы әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің ісі: сотталушы әйел полицейдің соққыға жыққанын мәлімдеді
"Қиясов пышақпен жарақаттады. Пышақтың сабы қара болды. Қиясов Денис Тенді пышақтаған кезде өзі де жарақат алды. Ол оны сан тұсынан жарақаттаған болатын", — деп мәлімдеді Құдайбергенов.

Қиясовтың өзі спортшыға пышақ сұққанын мойындағанымен, мұны әдейі жасамағанын айтады.

"Мен сол сәтте оны (Денис Тенді — Sputnik) тек қорқытқым келді. Ол қашып кетеді деген ой болды. Бірақ Тен қорыққан да жоқ, қашу туралы ойлаған да жоқ. Мен арт жағынан келіп қалай пышақ сұғып алғанымды түсінбей қалдым", — деген болатын Қиясов.

Денис Теннің қазасы

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде 25 жасында көз жұмды. Көлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны ұрылар сан тұсынан пышақпен жарақаттады.

Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева кісі өлтірді деген күдікке ілінді.

Тағы оқыңыз:

Сотта марқұм мәнерлеп сырғанаушының анасы Оксана Тен ұлының тапсырыспен өлтірілгеніне сенімді екенін айтты. Сондай-ақ, сотта оқиға болған жерге бірінші болып жеткен екі полицей куәгер болды.

Жаңалықтар
0