Қоғам

Сотта Денис Теннің өлімінің нақты себебі айтылды

© AFP 2024 / SANJAY KANOJIAМәйітхана
Мәйітхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот-медициналық сарапшы Денис Тен алған жарақаттарды сипаттады

АЛМАТЫ, 11 қаңтар — Sputnik. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі туралы қорытындыны жазған сот-медициналық сарапшы Алматыда жұма күні өтіп жатқан басты сот талқылауында сөз сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің өліміне қатысты сот: күдіктілердің біріне жедел жәрдем көмегі қажет болды

Сарапшы Әзиз Ибрахимовтың айтуынша, спортшы пышақ жарақатынан көп қан жоғалту салдарынан көз жұмған.

"Сараптама барысында Денис Теннің екі пышақ жарақатын алғаны белгілі болды. Миы ісіп, ішкі органдарының қаназдығына ұшыраған. 17:00-де көз жұмғаны тіркелді", — деп мәлімет берді Ибрахимов.

Мұндай жарақат алған адамның тірі қалуы мүмкін бе деген адвокаттың сұрағына сарапшы "жоқ деп нақты айта алмаймын, әр адамның ағзасы әртүрлі" деп жауап берді.

"Кей жағдайда адам алғашқы минутта шок алуы мүмкін. Жәбірленушінің басынан өткен жағдайды алсақ, жарақаты салдарынан тез қан жоғалтқан", — деді Ибрахимов.

Сотта медициналық-криминалдық сараптама жүргізген маман Артем Курбангалиев жауап берді. Сарапшының айтуынша, ол мәнерлеп сырғанаушының киімдері мен тері бөліктерін қараған екен.

реанимация көлігі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?

"Екі пышақ жарақатын алған, бірінің ұзындығы 9 сантиметр, екіншісі – 4 сантиметр", — деп мәлімет берді Курбангалиев. Алайда маман күдіктілердің Денис Тенге қалай пышақ салғаны туралы нақты айта алмады.

"Денис Теннің жарақатына қарағанда адам артынан немесе оң жағынан пышақ салған болса керек. Алайда менің пайымдауымша, алдыңғы жағынан мұндай пышақ жарақатын тек солақай адам ғана жасай алады. Ал арт жағынан оңқай адам пышақ салған болуы мүмкін", — деп атап өтті Курбангалиев.

Денис Теннің өлімі туралы сот

Сотталушы әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің ісі: сотталушы әйел полицейдің соққыға жыққанын мәлімдеді
Жұма күні 11 қаңтарда Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты басты сот талқылауы өтіп жатыр. 38 томнан тұратын қылмыстық іс 13 желтоқсанда сотқа жеткен. Сотталушылар – Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева. Құдайбергенов пен Қиясов кісі өлтірді деп айыпталса, Толыбаеваға қылмыс туралы хабарламағаны үшін айып тағылған.

 

Сот отырысы барысында оқиға туралы жаңа деректер анықталуда. Үш күдікті де кінәсін мойындамайды. Жәбірленуші тарап Денис Теннің тапсырыспен өлтірілгенін алға тартады.

Денис Теннің өлімі

Денис Тен 25 жасында көлік ұрыларының қолынан ажал құшты. 2018 жылыдң 19 шілдесінде Денис Lexus көлігін Алматы орталығында тұраққа қойып, мейрамханаға кіреді. Шыққан кезде көлігінің айналарын ұрлап жатқан екі жігітті көріп, олармен қақтығысқа түскен. Ұрылардың бірі спортшының аяғына пышақ сұғып жібереді. Екі сағаттан соң Денис Тен көп қан жоғалту салдарынан ауруханада көз жұмды.

Жаңалықтар
0