Қоғам

Денис Теннің өліміне қатысты сот: күдіктілердің біріне жедел жәрдем көмегі қажет болды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Күдіктілердің бірі Нұралы Қиясов сот отырысы барысында ауырып қалған

АЛМАТЫ, 11 қаңтар — Sputnik. Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясовқа сот отырысы барысында жедел жәрдем шақырылған.

Сотталушы әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің ісі: сотталушы әйел полицейдің соққыға жыққанын мәлімдеді

Сотталушы ішім ауырып тұр деп сотта жауап беруден бас тартады. Судья Қиясовқа медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем шақыруды талап етті.

Сотқа келген дәрігерлер сотталушының созылмалы гастриті асқынып кеткенін мәлімдеді. "Тәулік бойы нәр татпаған, кешкісін күріш қана жепті. Гастроэнтерологқа қаралуға нұсқау жазып бердім. Қан қысымы қалыпты жағдайда", — деп мәлімет берді Қиясовты қараған фельдшер.

Денис Теннің ісі

Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша басты сот талқылауы өтіп жатыр.

Нұралы Қиясов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің өліміне күдіктінің ағасы сотта жауап беруден бас тартты

Қоғам назарына іліккен қылмыстық іс бойынша сотталушылар – Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева. Бастапқы екі күдіктіге "Алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобының қарақшылық жасауы" және "Алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобының кісі өлтіруі" деген баптар бойынша айып тағылды. Ал Толыбаева қылмыс туралы хабарламады деген күдікке ілінді.

Үш күдіктіге қатысты қылмыстық іс 13 желтоқсанда сотқа түсті. Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілдеде кісі қолынан ажал құшты. Ол көлігінің айналарын ұрлап жатқан екі жігіттің үстінен түскен болатын. Ұрылардың соңына түскен спортшы олармен төбелесіп, салдарынан бірнеше пышақ жарақатын алады. Көп қан жоғалтқан Денис ауруханада көз жұмды.

Жаңалықтар
0