Қоғам

"Көбісі қайтыс болды" Назарбаев маңызды мәлімдеме жасады – видео

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент Казахстана Нурсултан Назарбаев на заседании Высшего Евразийского экономического совета
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев на заседании Высшего Евразийского экономического совета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның 47 азаматы, оның ішінде отыз бала Сириядан эвакуацияланды

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау бойынша гуманитарлық операциялардың аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Сириядағы соғыстан құтқарылған бала, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
СІМ Сирияда жүрген қазақстандық балалар туралы айтты

"6 қаңтарда біздің құқық қорғау органдары мен сыртқы істер мнистрлігі жүргізген гуманитарлық операциялар нәтижесін берді. Қазақстанның 47 азаматы, оның ішінде отыз бала Сириядан эвакуацияланды. Олардың барлығы террористердің бақылауында болған, барлығын кезінде кризис болып жатқан Сирияға алдап алып кеткен. Көбісі соғыс кезінде қайтыс болды", — деді Назарбаев. 

Президент елге қайта оралған әйелдер мен балаларға жан-жақты қолдау көрсетілгенін атап өтті. 

"Олар бір ай ішінде бейімделіп, қажетті медициналық көмек алады. Тағдыр тауқыметін тартқан әйелдер мен балалардың қуанышында шек жоқ, көз жасын көрдік. Қолданылған шаралар болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға жағдай жасайды", — деп толықтырды мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, Қазақстан осылайша өз азаматтарын қайда жүрсе де қолдайтынын көрсетті.

"Еліміздің қауіпсіздігін, береке-бірлігін қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеті. Сондықтан қақтығыс аймағында жүрген азаматтарымызды, әсіресе, балаларды қайтару жұмыстарын жалғастыра береміз", — деп түйіндеді ол.      


Жаңалықтар
0