Өңірлер

Жаңаөзенде 40 жыл бұрын салынған үйден тұрғындар қорқып қашып жатыр

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann Қирау
Қирау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпқабатты үйдің едені опырылып түскен, қабырғалары қирағалы тұр

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Жаңаөзен қаласында көпқабатты баспананың едені опырылып, қабырғасы қираудың аз-ақ алдында тұр. 40 жыл бұрын салынған үй апатты деп танылсын деген тұрғындардың талабы бойынша әкімдік әлі ешқандай шешім қабылдаған жоқ, деп хабарлайды КТК.

Қостанай тұрғыны пәтерінің төбесі опырылып түсті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанай тұрғыны пәтерінің төбесі опырылып түсті

Еден опырылған кезде бомба түскендей үн шығып, тұрғындардың зәре-құтын қашырыпты. Бірінші қабаттағы пәтердің едендегі плитасы жертөлеге бір-ақ құлап, бөлініп түскен. Абырой болғанда оқиға салдарынан, ешкім зардап шеккен жоқ. Ал жағдайды көруге келген билік өкілдері ешқандай шара қолданбаған.

"Бала-шағамның бәрін жан-жаққа жібердім. Жеті отбасы болып тұрамыз. Кеше әкім үйге орналастырдым деп жалған ақпарат берді. Көмек жоқ ешқандай", — дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Амангелді Бөлеков.

Ескі үйдегі алпыс пәтерде тұратын жұрт күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Тіпті өз үйлеріне кіруге қорқады. Әбден ашынған адамдар әкімдікке жиналып, бар мәселені жайып салды. Ал жергілікті билік сараптама өткеннен кейін ғана қорытынды жасаймыз дейді. 

"Мен гарантия бере алмаймын. Біз Алла емеспіз, бір Алланың қолында. Енді тыңдаңыз, кеше тиісті комиссияны құрдық. Өзіңіз болдыңыз, куә болдыңыз, тиісті шараларын қабылдадық. Қазір, міне, мекемесін белгіледік істейтін", — деді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ғалым Байжанов.

Комиссия қорытындысы бір ай көлемінде шығады. Оған дейін өз баспанасынан безінген халықтың басым көпшілігі туған-туыстарына көшіп жатыр.

Жаңалықтар
0