Оқиға

Қостанай тұрғыны пәтерінің төбесі опырылып түсті

© Photo : alau.kzҚостанай тұрғыны пәтерінің төбесі опырылып түсті
Қостанай тұрғыны пәтерінің төбесі опырылып түсті - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Қостанай үйлерінің бірінде жоғарғы қабаттағы пәтердің төбесі опырылып түсті, салдарынан ойық пайда болып, одан шатыр көрініп тұр, деп жазады өңірлік "Алау" басылымы.

ТЖ екінші қабатта тұратын Қостанай тұрғыны Галина Лидің пәтерінде болды. Оның сөзіне қарағанда, жуынатын бөлмеде төбенің опырылуынан болған дыбысты балалары сонда жуынуға бара жатқан кезде естіген. 

"Ол кезде онда ешкімнің болмағаны жақсы болды. Бабалар кіріп үлгермеген", — деді Галина Ли басылым редакциясына. 

Әйелдің сөзіне қарағанда, үш жылға жуық уақыт бұрын олардың үйінде ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген екен. Зардап шегуші өзіне белгілі барлық телефондар бойынша хабарласқан, алайда нақты жауапты осы уақытқа дейін алмаған. 

Оның сөзіне қарағанда, төбесінің босап тұрғанына біраз болған, енді құлап, ойық пайда болды.  Ол арқылы шатыр мен құбыр көрініп тұр.

Галина Ли жауаптыларды әкімдік және заңгерлер арқылы іздестірмек. 


Жаңалықтар
0