Қоғам

Бейбіт заманда соғыстағыдай қаза тауып жатыр — депутат жол апаттары туралы

CC0 / viganhajdari / Жол-көлік апаты
Жол-көлік апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісмен Қазақстанда көлік жүргізу куәлігін алу талаптарын күшейтуді сұрады

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Қазақстанда көлік жүргізу куәлігін алуға қатаң талаптар қоюды ұсынды. Ол 2018 жылы Қазақстанда жол-көлік апаты кезінде екі мыңнан астам адамның көз жұмғанын айтты. Сондай-ақ, Казанцев өткен жылы 20 445 адамның жол апаты салдарынан жарақат алғанына назар аударды.

Әл-Фараби көшесіндегі жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Экс-полицейдің кесірінен Алматыда ірі жол апаты болды
"Бейбіт заманда адамдар соғыстағыдай көз жұмып жатыр. Ашық дереккөздеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш Қазақстанның он жыл ішінде Ауғанстандағы соғысқа қатысып көз жұмғандар санынан әлдеқайда көп. Жалпы, жарақат алғандардың 70%-і — еңбекке жарамды жастағы азаматтар екенін айта кетуіміз керек. Жол-көлік апаты кезінде көз жұмғандардың көп бөлігі мүгедек болып қалады", — деп Казанцев ішкі істер министрлігіне депутаттық сауал жолдады. 

Оның айтуынша, тәуелсіздік алғалы жол-көлік апатының саны 18 мыңнан 16 мыңға дейін азайды. Яғни, тек 15% қысқарған.

"28 жыл ішінде біз шамамен 82 мың адамды жоғалттық. Ал жапа шеккендердің саны жарты миллионнан асады. Көз жұмғандар саны азайғанымен, 2018 жылдың 11 айының ішінде жапа шеккендердің саны 1991 жылғы көрсеткіштен асып кетіп отыр. Мұның барлығы 28 жыл бойы қолға алынған шаралар мен техникалық амалдар жүргізілгеніне қарамастан болып отырғанын ескеруіміз керек", — деді экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

Тағы оқыңыз:

Сондай-ақ, ол көлік санының өсуі көптеген жол апатына себеп еместігіне назар аударды. Депутаттың айтуынша, жол-көлік апатының көпшілігіне адамдардың көлікті дұрыс басқара алмауы себеп.

Жол - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ресейде 46 қазақстандық мінген автобус апатқа ұшырады
Казанцев ішкі істер министрлігінен көлік жүргізуді үйрететін ұйымдардың куәлікті алу үшін тапсыратын сынаққа талаптарды күшейтуін сұрады. Мұнымен қатар, жүргізушілерді апаттың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керектігіне үйретудің маңыздылығына тоқталды.

Депутаттық сауалдың жолдануына жол-көлік апаттарының көбеюі себеп болды. 29 желтоқсан күні Алматы қаласында Абай және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында көлік апаты болып, үш адам көз жұмды. Олардың арасында актриса Шолпан Елгезекова да бар. Бұдан өзге 28 желтоқсан күні 14 жастағы жасөспірім 22 жастағы қызды Қызылорда қаласындағы жаяу жүргіншілер жолында қағып кетті.

Жаңалықтар
0