Оқиға

Экс-полицейдің кесірінен Алматыда ірі жол апаты болды

© SputnikӘл-Фараби көшесіндегі жол апаты
Әл-Фараби көшесіндегі жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полициядағылар ірі жол-көлік апатына кінәлі қызметкерлерінің оқиғадан бір ай бұрын жұмыстан шығып кеткенін айтты

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Алматы қаласының полиция департамендегілер жол-көлік оқиғасына кінәлі Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі болған экс-қызметкерлеріне қатысты пікір білдірді.

Алматыда жаппай жол апаты болды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыдағы жантүршігерлік апат: 27 жастағы BMW жүргізушісі қаза болды - фото
Апат қаңтардың жетісінен сегізіне қараған түні Әл-Фараби — Жароков көшелерінің қиылысында болды. Жол талғамайтын көлік Әл-Фараби көшесімен жүріп келе жатып BMW және Mazda автомобильдеріне соғылады. Осыдан кейін жол қоршауы мен көше шамы бағанасын соғып өтіп аударылған. Апатқа кінәлі көлікті басқарған Алматы қаласының 39 жастағы тұрғыны Құдайберген Ибраимов әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ол бұрын полицияда жұмыс істеген.

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде жүргізуші көлігінің салонында жол полициясы қызметкерінің жилеті мен камера тізімі жазылған құжаттар болғанын жазды. Департамент баспасөз қызметіндегілер старшина Ибраимовтың өткен жылдың 12 желтоқсанына дейін әкімшілік полиция басқармасының процестік орталығында техник болып жұмыс істегінін айтты. ол ішкі істер органдарынан баянат негізінде жұмыстан шығарылған.

© стрингерӘл-Фараби көшесінің бойында жол апатына түскен Toyota Land Cruiser 200
Әл-Фараби көшесінің бойында жол апатына түскен Toyota Land Cruiser 200   - Sputnik Қазақстан
Әл-Фараби көшесінің бойында жол апатына түскен Toyota Land Cruiser 200

"Алматы қалалық полицияның тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345-бап 2-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") қарастырылған қылмыс белгілеріне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іс аясында қажетті барлық сараптама мен процестік әрекет тағайындалып, әрі қарай заңға сәйкес кінәлі азаматқа қатысты шара қолданылады", — деді полициядағылар.

Тағы оқыңыз:

Сондай-ақ, полициядағылар көлік салонынан табылған желеттің сатылымда бар екенін және оған кез келген адамның қол жеткізе алатынын айтып өтті.

Жаңалықтар
0