Өңірлер

Жамбыл облысы тұрғыны қар адамын асырап жүр

CC0 / pixabay.com / Қыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал ресейлік ғалымның айтуынша, Қазақстанда қар адамы мекендейтінін дәлелдейтін айғақтар бар

АСТАНА, 6 қаңтар — Sputnik. Танымал ресейлік криптозоолог Игорь Бурцев бүкіл әлемде және Қазақстанда қар адамын іздеу экспедицияларына қатысқан. Оның айтуынша Жамбыл облысында қар адамы мекендеп, тіпті жергілікті тұрғындармен араласады, деп жазады "Экспресс К" газеті.

Ғалым іздеп тапқан айғақтарын ғылыми жаңалық деп атады.

"Қазақстанда қар адамы жергілікті халықпен араласады. Мысалы, Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекараға жақын жерде ауыл бар, онда жергілікті тұрғын қар адамымен жиі кездеседі. Тіпті азық береді. Ондай адамдар Талғарда да тұрады", — дейді криптозоолог Игорь Бурцев.

Ғалымның сөзіне сүйенсек, қар адамы саналы тіршілік иесі, өздерінің жазуы бар, руналар және бұтақ сынықтарымен жазылған жазбалар арқылы хабар алмасады.

Кесене басындағы бұлақ емдік қасиетке ие - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақбура әулие кесенесіндегі шырақшылар талай тылсым күшке куә болған

"Ауыл тұрғындары оларды киік-адам деп атайды. Талғарда тұратын бір кісі олардың жазуын меңгеріп, қар адамдарымен руналар арқылы тілдеседі", — деп сендірді Бурцев.

Ғалым Іле Алатауы мен Талғар үңгірінде қар адамының іздерін суретке түсірген: қар адамдары өлгендерді жерлейтін үңгірге кіреберісте 500 келі үлкен тас жатқандықтан, ішіне кіре алмапты.

"Қар адамының шын екенін дәлелдейтін айғақтар өте көп, әсіресе Алтайдың қазақстандық бөлігінде. Қазақстандағы зерттеулерімді әрі қарай жалғастырғым келеді, бірақ бәрі қаражатқа байланысты", — дейді криптозоолог.

Қаржылық қиындықтарға қарамастан зерттеуші Қазақстанда тағы басқа экспедицияларға қатысудан үмітін үзбейді.

Жаңалықтар
0