Оқиға

Қарағандыдағы қанды оқиға: күдіктілердің суреті жарияланды

CC0 / Skitterphoto / Жалғыз адам, архивтегі фото
Жалғыз адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейбір мәліметтер бойынша, жаңа жыл түнінде болған қақтығысқа ондаған адам қатысқан. Полиция үш күдіктіні ұстады

ҚАРАҒАНДЫ, 3 қаңтар — Sputnik. Қарағанды мейрамханасының жанында адам өлтірді деген күдікке ілінгендердің біріне республикалық іздеу салынды. Полиция ол жайында мәлімет беріп, ұсталған үшеуге қатысты ақпарат таратты.

Мейрамхана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағандыда жаңажылдық отырыстардың бірі кісі өлімімен аяқталды

Бұған дейін хабарланғандай, 1 қаңтарға қараған түні қала мейрамханаларының бірінде төбелес болды. 23 жастағы жігіт қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды. Төбелеске нақты қанша адам қатысқаны белгісіз, алайда, кейбір мәліметтер бойынша, қақтығысқа ондаған адам араласқан. Бейсенбіде Қарағанды облысының полиция департаменті ұсталған үш күдіктінің мәліметтері мен фотосуретін таратты. 

Төбелесу және адам өлтіру фактісі бойынша үш ер адам ұсталды. Ұсталғандар аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп, Қарағанды сотының санкциясымен оларға қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.  

Төртінші күдікті Нарек Гурурянға республикалық іздеу салынды.

© Photo : Қарағанды облысының полиция департаментіКаир Надырбеков, Торгом Малхасян, Сохак Малхасян, Нарек Гурурян - солдан оңға қарай
Каир Надырбеков, Торгом Малхасян, Сохак Малхасян, Нарек Гурурян - солдан оңға қарай - Sputnik Қазақстан
Каир Надырбеков, Торгом Малхасян, Сохак Малхасян, Нарек Гурурян - солдан оңға қарай

Полиция күдіктінің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан 102 телефонына хабарласуын сұрайды. 

Желіде төбелестің видеосы жарияланды. Қарағанды полициясы әзірге оған түсініктеме берген. 

 


Жаңалықтар
0