Оқиға

Қарағандыда жаңажылдық отырыстардың бірі кісі өлімімен аяқталды

CC0 / Monitta Mary / Мейрамхана
Мейрамхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам жаңажылдық отырыс кезінде бір кісіні өлтіріп, тағы үшеуін жарақаттады

ҚАРАҒАНДЫ, 2 қаңтар — Sputnik. Жаңа жыл түні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде төбелес шықты. Пышақ жарақатынан 23 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды .

Бұзақы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбеде бір топ жігіт көшеде келе жатқан кісіні аяусыз ұрып-соғып, пышақтап кетті - видео
Қанды оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға ауған түні болды. Жастар бас қосып қаладағы мейрамханалардың бірінде Жаңа жылды атап өтіп жатқан.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, жастар ішімдік ішкеннен кейін сөзге келіп қалған. Кейін мейрамханадан шыққан кезде төбелеседі. Бірі қалтасынан пышақ шығарып, танысын, сондай-ақ, тағы үш адамды жарақаттайды. Күдікті оқиға болған жерден қашып үлгерді.

"Жарақаттанған жас жігіт дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды. Кеудесіне пышақ тиген тағы бір ер адамға ота жасалды. Қазір жағдайы ауыр. Бұлардан өзге екі адамға көмек көрсетіліп, олар үйлеріне кетті", — дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Полицейлер 99-бап ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдіктінің кім екені белгілі болғанымен, қазір қайда екені белгісіз. Оны іздестіру жұмыстары екінші тәулік жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0