Қоғам

Денис Теннің өліміне күдікті өз өмірі туралы шындықты айтты

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуКөлік ұрысы
Көлік ұрысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік айнасын ұрлауды интернеттен үйренген екен

АЛМАТЫ, 3 қаңтар — Sputnik. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі туралы іс бойынша сотталушылардың бірі Астана мен Алматыда неге көлік айналарын ұрлаумен айналысқанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сот залынан.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің өліміне күдікті тағы кімді тонаған – астаналық куәгерлерден жауап алынды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты басты сот талқылауы Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.

Сот талқылауы барысында Астанадағы куәгерлер мен жәбірленушіден жауап алды: полиция өкілдері мен Арман Құдайбергенов айнасын ұрлаған көлік иесі.

Құдайбергенов сотта көлік айнасын ұрлауды интернеттен үйренгенін айтты.

"Астанаға қыдырып келгенмін, ақшам бітіп қалды. Күйші Дина көшесінде Lexus көлігінің айнасын шешіп алдым, көшеде келе жатыр едім, полиция патрулі алдымнан шықты. Полицейлер тоқтатып, тінтті де, Алматы АІІБ-не алып кетті. Айыбымды мойындап, жәбірленушімен мәмілеге келуге тырыстым. Бастапқыда түсініктеме алды, бірақ тергеуші емес, басқа біреу. Өкінемін. Шығынды өтеуге дайынмын. Астанаға анамды көру үшін бардым, сағынған едім", — дейді сотталушы.

Құдайбергенов айна ұрлаумен 2018 жылдың мамыр айынан бастап айналысыпты. Ұрлаған айналарды Алматының Жібек Жолы базарындағы белгісіз біреуге сатқан.

"Айналарды камерасымен бірге 40 мың теңгеге сататынмын. Тапсырыс ешқашан алған жоқпын. Бұрын Алматыда электр маманы болып істедім, жеке тұрғын үйлерде есептеуіштерді ауыстыратынмын, — деп мәлімдеді Құдайбергенов. – Ұрлық жасағанымды толығымен мойындаймын, ақшаға мұқтаж болдым, бірақ кісі өлтірген жоқпын. Кісі өлтіруді емес, ұрлықты ғана мойындаймын".

Құдайбергеновтың айтуынша, анасы Астанада істейді екен. Алайда елордаға барғанда анасымен кездесе алмапты.

"Астанада іздедім, бірақ телефон нөмірі болмады. Астанаға бару үшін ақша жинадым, анама ақша беріп, 3-4 күн сонда қыдырсам дегенмін. Астанада вокзалда жолыққан әйелдің пәтерін жалдап тұрдым", — деп түсіндірді Құдайбергенов.

Айна - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің өліміне күдіктінің басқа қылмыстары туралы сотта айтылды

Алматыға автобуспен қайтыпты.

"Қалтамда жеті мың теңге ғана қалды, соңғы қаражатыма билет сатып алдым. Алматыдағы пәтердің ақшасын беруім керек болатын, сөйтіп тағы да қылмыс жасауға бел будым", — деп мәлімдеді Құдайбергенов.

Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы 25 желтоқсанда өткен еді. Сот алдына үш адам келді — Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Отырыста күдікті әйелдің аяғы ауыр екені белгілі болды.

Отырыста жәбірленуші тараптың адвокаты Нұрлан Өстеміров Денис Тен тапсырыспен өлтірілді деп мәлімдеп, соттан істі қосымша тергеуге жіберуді сұраған болатын. Бірақ судья істі қайта тергеуге жіберудің қажеті жоқ деп шешті.

Бұдан бөлек, Теннің отбасының қорғаушысы спортшының өліміне себеп болған айна ұрланған сәтті екі полицейдің көруі мүмкін екенін айтты.

Жаңалықтар
0