Қоғам

Денис Теннің өліміне күдікті тағы кімді тонаған – астаналық куәгерлерден жауап алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналық куәгерлерден видео байланыс арқылы жауап алынды

АЛМАТЫ, 3 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты басты сот талқылауы Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Үзілістен кейін Астананың жол-патрульдік көлігінің жүргізушісі Нұрғиса Сағындықовтан жауап алынды.

"Құдайбергеновті 11 шілдеде ұрлық үстінде ұстадық, пакетінде екі айна мен ажырату кілттері болған. Қоқыс жанынан тауып алдым деді. Біз айна ұрланған көлікті іздей бастадық. Содан соң Алматы ауданы ІІБ-не жеткіздік, Астана тұрғынысың ба деген сұраққа Алматыда тұрамын деп жауап берді", — деп мәлімдеді Сағындықов Астанадан.

Сотта екінші жәбірленуші – Астана тұрғыны Сапар Шәмшиев те видео арқылы жауап берген.

Айна - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің өліміне күдіктінің басқа қылмыстары туралы сотта айтылды

"11 шілдеге қараған түні үйімге түнгі екіде оралдым. Көліктің дабыл жүйесін қосып, ұйықтап қалдым. Бір кезде домофонға полиция хабарласып, күдіктіні қылмыс орнынан ұстағанын айтты. Төменге түскенімде полиция күдіктіні көрсетті, көлікте кісендеулі отыр екен. Айнаны қарасам, сымын өткір бірдеңемен кесіп жіберіпті. Алматы ауданы ІІБ-не бардық. Арыз жазып бердім, өзіміз хабарласамыз деп қоя берді", — дейді Шәмшиев.

Оның айтуынша, 400 мың теңге материалдық шығынын әлі ешкім өтемеген. Оның үстіне, айналарды орнату үшін тағы 200 мың теңгедей жұмсапты.

Куәгердің айтуынша, ұстаған кезде Арман Құдайбергенов еш саспай, езу тартып, тіпті қалжыңдасуға тырысқан. Ешкімнің мән бермегенін көрген соң, полиция көлігінде ұйықтап кетіпті. "Әуелі кінәсін мойындамады", — дейді Шәмшиев.

Шәмшиев арыз жазып жатқанда, күдікті жақындап, фамилиясын көрсетпеуді сұраған. Ұрланған айнаны қайта орнатып беруге уәде беріпті. Атап өтсек, Шәмшиев те материалдық және моральдық шығынан өтеу үшін шағым түсірмек.

Денис Тенді еске алу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Белбеумен ұра бастады" - прокурор сотта Денис Теннің қалай өлтірілгенін айтты

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасын тергеу аясында құқық қорғау органдары анықтағандай, айыпталушылардың бірі спортшыны өлтірген сәтте Астанада сот алдына келуі тиіс болатын.

Сотталушылар — Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева. Бастапқы екі күдіктіге "Алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобының қарақшылық жасауы" және "Алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобының кісі өлтіруі" деген баптар бойынша айып тағылды. Ал Толыбаева қылмыс туралы хабарламады деген күдікке ілінді.

Құдайбергенов пен Қиясов ұрлық жасағандарын мойындады. Алайда Денис Тенді өлтіруді жоспарлаған жоқпыз дейді. Толыбаева соттан өзі айыпталып отырған баптарды өзгертуді сұрады.

Сот мемлекеттік тілде судья Кеңшілік Әбелдиновтің төрағалығымен өтіп жатыр. Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.


Жаңалықтар
0