Саясат

Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

© REUTERS / Adi KurniawanИндонезия
Индонезия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Индонезияда цунами салдарынан қаза тапқандардың саны 280 адамнан асты

АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Индонезиядағы цунами, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Әлем
"Бәрін өз көзіммен көрдім" Индонезияда табиғат апатынан 168 адам өлді

Ақорданың баспасөз қызметі атап өткендей, мемлекет басшысы Индонезияның Зонд бұғазы жағалауындағы цунами салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қаза болғандардың туған-туысқандарына және бүкіл Индонезия халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Соңғы мәлімет бойынша, Индонезияда цунами салдарынан қаза тапқандардың саны 280 адамнан асты. Жүздеген үй мен ғимарат қираған.   


Жаңалықтар
0