Әлем

"Бәрін өз көзіммен көрдім" Индонезияда табиғат апатынан 168 адам өлді

© AFP 2024 / BAY ISMOYOИндонезиядағы цунами, архивтегі сурет
Индонезиядағы цунами, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Индонезияда Анак-Кракатау жанартауының атқылауы салдарынан цунами соқты

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Индонезиядағы Зонд бұғазының жағалауындағы елді мекендерге цунами соғып, салдарынан 168 адам көз жұмды.  

750-дей тұрғын жарақат алды. 30 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Жүздеген үй мен ғимарат қираған. Қазіргі уақытта зардап шеккендерді эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

Индонезиядағы жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан
Әлем
Индонезияда жер сілкінісінен 2 мыңнан астам адам өлді — видео

Әзірге Зонд бұғазы жағалауында цунамидің тууына не себеп болғаны нақты белгісіз. Бірақ мамандар Анак-Кракатау жанартауының атқылауынан теңіз астындағы көшкін жүрген деген пікірде, деп хабарлады Хабар 24. 

Айта кетейік, Зонд бұғазы – Ява мен Суматра аралын бөліп, Үнді мұхитын Ява теңізімен байланыстырып тұрған бұғаз.

"Цунами кенеттен келіп соқты. Адамдар жан-жаққа қашып, толқын олардың кейбіреуін алып кеткенін өз көзіммен көрдім", — дейді  жергілікті тұрғын.

Жергілікті билік өкілі үйінділер астынан адамдарды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. 

"Бірақ бізге қазір ауыр техника қажет. Ал ол болса әлі келген жоқ", — деп түсіндірді ол.   


Жаңалықтар
0