ПЕТРОПАВЛ, 21 желтоқсан — Sputnik. Бүгін — Күннің көкжиектен ең аз биіктікке көтеріліп, қысқарып барып тоқырайтын уақыты. Осы құбылыс туралы толығырақ Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстандағы Манаш Қозыбаев атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник айтып берді.
Ол бүгін ең ұзақ түн және ең қысқа күн екенін нақтылады. Сондай-ақ, бүгін қыстың ең суық күндерінің бірі екеніне тоқталды.
Оның айтуынша, қыстағы Күннің тоқырауы дегеніміз — бұл Күннің жұлдыз арасындағы жолымен (эклиптик бойында) келе жатып аспан экваторынан барынша алыстап оңтүстікке қарай жақындауы.
"Бұл кезде Жердің солтүстік жарты шарында Күн көкжиектен барынша аз көтеріледі (шамамен 12 градус), аспан шырақтарының тәуліктегі жолы қысқарып, қыста күн өте қысқа әрі қараңғы (шамамен бізде 7 сағат) болады. Есесіне суық түндер ұзарады. Құдды Жерді қара жамылғы жауып қалғандай. Солтүстікке жақындаған сайын жағдай қиын екенін көреміз. Поляр түні болғанда солтүстікке 1 300 км жақын аймақта Күн шықпайды", — деп түсіндірді астроном.
Тағы оқыңыз: Жаңа жылда ауа райы қандай болады?
Неге Күн тоқырайды? Бұл не деген сөз? Бар болғаны Күн осы сәт жақындағанда аспан эксваторына қатысты өзінің тұрған жерін біраз уақытқа дейін өзгертпейді.
Бұл күнді ерекше атап өткендігі соншалық, ол бір кездері жыл басы болып есептелген. Мұндай Жаңа жылды көптеген халық, соның ішінде славяндар атап өтетін болған. Күннің қайта оралу мерекесіне пұтқа табынушылар бір жыл бұрын дайындалған. Және оны ұзақ әрі кең көлемде атап өтетін болған. Сондай-ақ, ежелгі әдет-ғұрыптар халық есінде әлі күнге дейін сақталған — мысалы, коляда.