Өңірлер

"35 градус аяз". Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20-22 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 2018 жылдың 20-22 желтоқсан күндеріне ауа райы болжамын ұсынды.

Отшашу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
2019 жылы ең ұзақ демалыс қашан болады?

Алдағы күндері республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында кей жерде суық арктикалық фронттардың салдарынан бұрқасын және қатты жел соғады. Скандинавия түбегінің солтүстік бөлігінен келген антициклон мен осы фронттың ығысуынан жауын-шашын тоқтап, күн суытады. 

Ал Қазақстанның таулы аймақтарына оңтүстік фронттық жүйе әсер етеді: аздап қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады.

Жалпы алғанда ауа температурасы еліміздің бүкіл аумағында климаттық нормадан төмен болады, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 30…35°С-қа дейін төмендейді, бұл климаттық нормадан 6…9°С төмен.

Жаңалықтар
0