Қоғам

Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды

© Sputnik / Болат ШайхиновЖоғарғы сот
Жоғарғы сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рахымбеков пен Даулиев басқа қызметке тағайындалса, Нұралин отставкаға кетті

АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаттары жоғарғы соттың үш судьясын қызметтен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды тілшісі. 

Сауд Арабиясындағы әйелдер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сенат бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заң жобасын мәжіліске қайтарды
Бүгін сенат отырысында ҚР жоғарғы сотының судьяларын лауазымдарынан босату мәселесі қаралды. 

Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов Ербол Рахымбековті, Ержан Даулиевті, Дәулен Нұралинді жоғарғы сот судьялары қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымы талқылауға енгізіліп отырғанын атап өтті. 

"ҚР Президентінің 2018 жылғы 9 қазандағы жарлығымен Рахымбеков Шымкент қалалық сотының төрағасы, ал Даулиев Маңғыстау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Нұралин отставкаға кетуге ниет білдірді", — деді Донақов. 

Осыдан кейін сенаторлар үш судьяны қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0