Саясат

Сенат бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заң жобасын мәжіліске қайтарды

© AP Photo / Hassan AmmarСауд Арабиясындағы әйелдер
Сауд Арабиясындағы әйелдер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенаторлар жарнама мен шет мемлекеттерде жоғары діни білім алуға қатысты нормаларды алып тастады

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Сенат депутаттары екінші оқылымда "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды тілшісі.

Орамал таққан қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Психоаналитик қызына хиджаб кигізетін ата-ананың неге олай істейтінін түсіндірді

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың айтуынша, заң жобасына "деструктивті діни ағым", "діни радикализм", "діни бірлестіктің қатысушысы" (мүшесі) деген жаңа ұғымдар енгізілген.

"Бұл ұғымдарды енгізу жаңа деструктивті діни ағымдардың идеологиясы, атрибуттары мен сыртқы белгілерін таратуға тыйым салу, сырттан елімізге жат идеологияның енуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салу көзделген. Мұндай шаралар азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет. Мұндай нормалар Бельгия, Франция, Австрия, Болгария және басқа да бірқатар мемлекеттің заңдарында бар", — деді министр сенаттың жалпы отырысында.

Сондай-ақ, Кәлетаев заң жобасында діни қызметпен байланысты қылмыстардың алдын алу бойынша ішкі істер министрлігінің функциясын кеңейту көзделіп отырғанын атап өтті.

Сенат депутаттар мәжілісмендер мақұлдаған заң жобасын екінші оқылымда тиісті ұсыныстармен кері қайтарды. Сенаторлар жарнама мен азаматтардың шет мемлекеттерде жоғары діни білім алуына қатысты нормаларды алып тастады.

Хиджаб киген қыздар - Sputnik Қазақстан
Әлем
Министр: хиджаб тазалыққа қайшы

Атап айтсақ, заң жобасында Қазақстан азаматтары өз елінде жоғары рухани (діни) білім алғаннан кейін ғана, шет мемлекеттерде рухани (діни) білім ала алады деп көрсетілген. Алайда сенаторлар бұл норманы алып тастауды ұсынды.

"Азаматтардың жоғары рухани білім алу құқығын шектеуді болдырмау мақсатында ҚР Конституциясы 21-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне және еш кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар",- делінген сенат өзгерісінде.

Жаңалықтар
0