Қоғам

Министрлік халықты полицейлердің жаңа формасын талқылауға шақырды

© АқордаЖаңа полиция формасының таныстырылымы
Жаңа полиция формасының таныстырылымы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ІІМ жыл соңына дейін полицейлерге жаңа форма сатып алуды жоспарлап отыр

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан ішкі істер министрлігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында отандық полицейлер формасының жаңа жобасын ұсынды.

Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қасымов полицейлерді қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты
Полицейлердің киімі соңғы рет 2005 жылы өзгертілгендіктен, заманауи талаптарға сай келмейді. Полицей формасы барыншы ыңғайлы әрі тартымды, ал артық элементтердің мейлінше аз болғаны жөн.

"Полиция қызметкерлері жаңа киім-кешектермен кезең-кезеңімен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылады", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ішкі істер министрлігі қазақстандықтардан полицейлер формасының жаңа үлгісін талқылауға қатысып, белсенділік танытуларын сұрады.

Полиция робот

Патруль қызметкері көзге бірден түсуі үшін формаға POLISIA деген жазуы бар сары жилет пен қолғап кіреді. Полицейлер аптап ыстық кезінде де, қақаған аязда да далада жүретіндіктен, оларға киімнің бірнеше түрі қарастырылған.

"Күзгі" жиынтықта жаңбырдан қорғайтын ашық сары түсті плащ бар. Қыстық күрте жарық шағылыстыратын сызықтармен безендірілген.

Сондай-ақ, бұдан былай полицейлер фуражка орнына жылы ауа райына лайықты бейсболка киеді.

Стильді әрі ыңғайлы

Далада көп жүретін полицейлерге белдігі қалың, қара көк түсті форма ұсынылған. Ақ түсті жолақтар киімге өзгеше сән беріп тұр.

Қысқы жиынтыққа қара көк түсті, капюшоны үлкен күрте кірген. Ал күзгі нұсқасында капюшоны жоқ.

© ІІМӘйел полицейлерге арналған жаңа форма нұсқасы
Әйел полицейлерге арналған жаңа форма нұсқасы - Sputnik Қазақстан
Әйел полицейлерге арналған жаңа форма нұсқасы

Әйел полицейлерге не ұсынады?

Әкімшілік басқару саласында жұмыс істейтін әйелдер үшін ғана форма өзгертілген.

Жылы маусымда жеңі қысқа пиджак, белдемше немесе шалбар киюге болады. Ал басқа — бейсболка.

Күзге — стильді ұзын плащ және елтаңба бейнеленген қолғап.

© ІІМӘйел полицейлерге арналған жаңа форма үлгісі
Әйел полицейлерге арналған жаңа форма үлгісі - Sputnik Қазақстан
Әйел полицейлерге арналған жаңа форма үлгісі

Қысқа — ұзындығы санға дейін жететін жылы күрте.

ІІМ форманың дизайнын құрастырып, тігу үшін қосымша ақша қажет болмайтынын айтып сендірді.

Жаңалықтар
0