Қоғам

Қасымов полицейлерді қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновҚалмұханбет Қасымов
Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрлігі 9 ай ішінде республика бойынша қылмыстың 9% қысқарғанын мәлімдеді

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. ІІМ қазақстандық полицияны қандай өзгерістер күтіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Қасымов туралы: Ол адал да адамгершілігі мол жан
Министр Қалмұханбет Қасымов президенттің Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмалар негізінде және 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ІІМ отырыс өткізді.

Ведомство мәліметінше, президент әкімшілігі жетекшілігімен министрлік Қазақстан полициясын модернизациялау бойынша Жол картасын әзірлеу жұмыстарына кірісті. Аталған Жол картасында ІІМ штатының санын оңтайландыру, жетекшілер санын қысқарту, полицияны өзіне тиесілі емес жұмыстардан босату және тәртіп сақшыларын тұрғындардың өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетіндеріне қарап бағалау мәселелері талқыға салынды.

"Қасымов тұрғындармен жұмыс істеуде заманауи форматтар енгізілетінін, ішкі істер органдарының сервистік модельге көшетінін, полицейлерге қатысты жаңа стандарттар бекітілетінін, полицейлерді қызметке алу жүйесінен бастап, олардың карьерасында ілгерілеуіне қатысты өзгерістер болатынын және ведомстволық білім жүйесінің қайта реформаланатынын мәлімдеді", — деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан өзге ІІМ басшысы қазақстандықтардың сынына жауап берді және аймақтардағы құқық бұзушылықтар мен қылмыспен күреске қатысты жоспарларды жүзеге асыруды тапсырды.

Тағы оқыңыз:

"Бұл жолы қылмыстың көп бөлігін құрайтын ұрлықпен күреске баса назар аударылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күш пен қаржыны дұрыс пайдалану керектігі және жедел басқарма орталықтарының, кезекші бөлімдердің жұмысын жақсарту керектігі туралы айтылды", — делінген ІІМ хабарламасында.

Мұнымен қатар, ведомство 9 ай ішінде республика бойынша қылмыстың 9% (20,7 мың) қысқарғанын мәлімдеді. Дәлірек айтсақ, ұрып-соғу, тонау, бұзақылық жасау, бұрын істі болғандардың немесе кәмелеттік жасқа толмағандардың көше мен қоғамдық орындарда қылмыс жасауы сынды қылмыс түрлері азайды.

Жаңалықтар
0