АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Әзербайжанда 29 жастағы ер адам қойлардың қайда кеткенін сұраған әйелін пышақтап өлтірді.
Аудандық полиция бөлімінен мәлімдегендей, Садыгов өзі жұмыс істеген шаруа қожалығына тиесілі бірнеше қойды сатып жіберген. Бірнеше күннен кейін әйелі малдың жоқ екенін байқап, күйеуінен мән-жайды сұрап, білмек болады. Алайда ер адам бұл сұраққа қатты ашуланып, әйелін ұрып жіберген. Кейін ерлі-зайыпты арасында жанжал туып, ақыры әйел балаларын алып, төркініне кетеді.
Бірнеше күннен кейін Садыгов әйелінің әкесінің үйіне келіп, анасының көз алдында оны пышақтап тастаған.
"Ол қолындағы пышағымен баса-көктеп кіріп келгенде, біз қызым екеуміз үйде отырған едік. Мен оған кедергі келтіріп, қызымды қорғамақ болдым, алайда ол бәрібір мені емес, қызымды өлтірді", — дейді марқұмның анасы.
Тағы оқыңыз: Ақтөбе тұрғыны ұлын әйелінің көңілдесі екен деп ойлап, пышақтап тастады
Полиция С.Садыговты ізін суыптай ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.