АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Душанбе қалалық соты Тәжікстан Жоғарғы экономикалық сотының экс-хатшысы Бободжон Ширинзоданы бұрынғы әйелін жауыздықпен өлтіргені үшін 18 жылға соттады.
Ширинзода 6 маусымда бұрынғы әйелі Мохира Ятимованы балаларының көзінше 13 мәрте пышақтаған, деп хабарлайды centralasian.org.
Марқұмның туыстары сот шешіміне келіспейді, олар жоғарғы сот инстанциясына шағымдануды көздеп отыр. Бободжон Ширинзода сотта әйелді есін білмей өлтіріп алғанын ескеруін өтінген. Бірақ сот сараптамасы бұны жоққа шығарған.
Бободжон Ширинзода – генерал Раджабали Шириновтың ұлы. Ширинов кезінде Тәжікстанның қаржы милициясын басқарған. Генерал бұл қызметтен 2015 жылы шығып қалды.
Төрт баланың әкесі әйелін соққыға жығып, ішінен пышақтап тастады
Бободжон Ширинзода мен Мохира Ятимова 2007 жылы үйленген. Олар екі жыл бұрын ажырасып кеткен.