Оқиға

Алматыда жол талғамайтын көліктер жарысында қайғылы оқиға болды

© Sputnik / Тимур БатыршинЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өкпе артериясының тромбоэмболиясынан көз жұмған

АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Алматыда жол талғамайтын көліктер жарысында ер адам көз жұмды. 

Марафон қатысушылары - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы марафонында қайғылы оқиға: 18 жастағы студент көз жұмды
Бұл туралы "Колеса" порталы хабарлады. 

Трагедия Сайран көлінде өтіп жатқан дәстүрлі джип-фестивальде болды. Талдықорғандық Азамат Әбдуғали "Спорт" категориясында жарыс жолына шығып, мәреге жете алмаған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның өліміне өкпе артериясының тромбоэмболиясы себеп болған. Басылым жарыста кезекшілік еткен дәрігерлер бригадасы спортшының өлімін тіркегенін нақтылады. 

Марқұм республикалық джип-спринттерге қатысып, жүлдегер атанған. 

Осы жылдың қазан айында Алматыдағы марафон кезінде 18 жастағы астаналық студент Максим Королев қаза болған еді.

Жаңалықтар
0