АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. Алматыда жартылай марафон кезінде Санкт-Петербор гуманитарлық кәсіподақ университеті Алматы филиалының студенті астаналық Максим Королев көз жұмды.
Куәгерлердің сөзіне сенсек, Абай көшесімен жүгіріп келе жатқан студент мәреге бір кварталдай қашықтық қалған кезде өзін жайсыз сезінген. Оқиға орнына үш минуттан кейін жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оның көз жұмған уақытын белгіледі.
Дәрігерлердің айтуынша, өлім себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Ұйымдастырушылар марқұмның туысқандарына хабарласып, көңіл айтты. Ата-анасына Алматыға жетуіне көмек көрсетті.
"Смелость быть первым" корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева әдетте марафон басталмай тұрып, қатысушылардың маршруты ІІД, жедел жәрдем станциясы қызметтерімен бірге анықталып, тиісті жерлерде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер тұратынын атап өтті.
"Алайда осы трагедиядан кейін біз спортшыларды жарысқа жіберу талаптарын қайта қарастырамыз", — деді Қазыбаева.