Қоғам

Астанада ең үлкен мұз айдыны ашылды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевМұз айдыны
Мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен жарықдиодты экран қойылған, ол жаңажылдық телехабарлар мен Елбасының құттықтауын тікелей эфирде көрсететін болады

АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Қазақ елі" монументі алаңында мұз айдынының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Құралай Бақытқызы, қазақстандық нумеролог - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нумеролог жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін қандай болатынын болжады
Мұз айдынының көлемі 3 600 шаршы метрге тең. Жалпы сыйымдылығы — 1000 адам. Маңында мұз төбешік те бар.

Алматы ауданы әкімінің орынбасары Тынысбек Арашаповтың айтуынша, елордалықтар өз конькилерімен келіп тегін сырғанай алады. Ал конькиі жоқтар сол жерден жалға ала алады.

Мұз айдыны орталығында жаңажылдық шырша орнатылды, ойын-сауық іс-шаралар өткізу үшін сахнасы жабдықталған. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен жарықдиодты экран қойылған, ол жаңажылдық телехабарлар мен Елбасының құттықтауын тікелей эфирде көрсететін болады. 

Ыстық тамақ, сырғанауға арналған құралдар беретін орындар ашылған. Алаң аумағы шағын сәулет нысандарымен және жарықилюминді панномен безендірілген. Көліктерге арналған арнайы орын және қауіпсіздік шаралары қарастырылған. 

Жаңа жыл мерекесіне арналған сыйлық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жаңа жыл — 2019: Жақындарыма қандай сыйлық сыйлаймын?
"Бұл алаң күзетілетінін білесіздер. Полиция бекеті бар, олар тәулік бойы тәртіпті қадағалайды. Сонымен қатар, дәріхана, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық қызметкер де болады", — деді Арашапов.

Қазіргі кезде Президенттік» саябақта "Хайвилл" ТК жағынан ең биік және ең үлкен мұзды тау ашылды. Оның ұзындығы – 160 метрден астам. Оны "Астана көгалдандыру құрылысы" жұмысшылары салған. 

Бұл жерде де ыстық тамақ, сырғанаққа арналған құралдарды жалға беретін дүңгіршектер бар. Демалушылардың қауіпсіздігі мен тәртібіне қызғылт сары түсті желет киген еріктілер қарап отырады. Аязға қарамастан сырғанақ тебуге келгендер саны өте көп. Экстремалды демалыс түрін жақсы көретіндерге осында қарда жүретін машиналар, солтүстік елігі және пони жегілген шаналар ұйымдастырылған.

Жаңалықтар
0