Қоғам

Жаңа жыл — 2019: Жақындарыма қандай сыйлық сыйлаймын?

© PublicDomainPicturesЖаңа жыл мерекесіне арналған сыйлық
Жаңа жыл мерекесіне арналған сыйлық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Мерекеде бастысы қымбат сыйлық емес, көңіл екенін ұмытпаңыз

АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жұмыс кестесі тығыз болып, көптеген адам жақындарына сыйлық сатып алуда қиналып жатады. Бірінің уақыты болмаса, екіншілері дұрыс таңдау жасай алмайды. Осы орайда назарларыңызға ерекше сыйлықтар тізбесін ұсынады. 

Құралай Бақытқызы, қазақстандық нумеролог - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нумеролог жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін қандай болатынын болжады
Тәтті кәмпит пен печенье

Жаңа жыл мерекесінде алыс-жақын туысқандарыңызға не сыйлайтыныңызды білмесеңіз, әдемі қапталған кәмпит немесе бәліш әзірлеуіңізге болады. Бұл сыйлығыңыз жасы үлкеннің де, кішінің де көңілінен шығатыны сөзсіз. Тіпті, ұнатпай жатса, оны екінші бір адамға сыйлап жібере алады.

Егер Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас салдарынан жоғарыдағыларды әзірлеуге уақытыңыз болмаса, оны арнайы дүкеннен сатып алуыңызға болады. Сондай-ақ, осы дүкен өнімінің сыртын безендіретін байлауыш пен түрлі-түсті қағаз сатып алуды ұмытпаңыз.

Барлығымыз да жан-дүниемізде бала болғандықтан, тәтті тағам ағзамыз үшін антидепрессант ретінде әсер ететіні сөзсіз. Мұнымен қатар, сусындар туралы да ұмытпаған жөн: шай немесе кофе жиынтығы мұндайда таптырмас сый болмақ. Ыстық сусын тәнді ғана емес, көңілді де жылытатын болады.

Ерекше заттар

Қиялыңызға аздап ерік беретін болсаңыз, Жаңа жыл мерекесіне не сыйлауға болатынын міндетті түрде табасыз. Ол үшін міндетті түрде қымбат сыйлық іздеудің қажеті жоқ. Мысалы, іздегеніңізді кәдесыйлар сататын дүкеннен табуыңызға болады.

© JarkkoMantyПеченьеден жасалған үй
Печеньеден жасалған үй - Sputnik Қазақстан
Печеньеден жасалған үй

Достар мен әріптестерге

Жаңа жылға арналған сыйлықтар мереке кезінде көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, әріптестеріңізбен арадағы ренішті ұмытуға көмектеседі. Мысалы:

  • флешка;
  • визитка салғыш;
  • блокнот;
  • кітап;
  • күнтізбе;
  • танымал брендертер қаламы;
  • үстелге қоятын мүсіндер;
  • эксклюзивті ланч-бокс;
  • термокесе;
  • телефон қуаттағыш;
  • оятқыш;
  • қолдан жасалған сабын;
  • хош иісті шам;
  • арзан сыйлықтар,

Жаңа жыл қарсаңында барлығына бірдей сый жасағымыз келетіні сөзсіз. Мұндайда эконом-сыйлықтар көмекке келеді. Кішкене сыйлықтың өзі адамның керегіне жарауы мүмкін.

Қолжетімді сыйлықтарға мысал:

  • ваннаға арналған кішігірім жиынтық;
  • жанатын автоқалам;
  • шыршаға ілетін ойыншық;
  • жүннен тоқылған шұлық;
  • қолғап;
  • планшет немесе телефонға арналған қап;
  • косметика;
  • әмиян.

Пайдалы заттар айтарлықтай қымбат емес. Мұндай креативті сыйлықтар бірінші кезекте оны сыйлаған адам және бірге өткізген уақытты еске түсіреді.

© magicakeЖаңа жылдық шыршаға ілінген шұлық
Жаңа жылдық шыршаға ілінген шұлық - Sputnik Қазақстан
Жаңа жылдық шыршаға ілінген шұлық

Бірегей сыйлықтар

Айналаңыздағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағыңыз келе ме? Неге әзілдеп көрмес ке?! Ол үшін келесі сыйлықтарға сыйға тартуға болады:

  • жаңажылдық "Оскар";
  • түрлі тілек жазылған печенье;
  • көңіл-күй күнтізбесі;
  • армандар жазатын чек кітапшасы;
  • қарға арналған стақан;
  • түнде жанатын бәтіңке бауы.

Енді достарыңызға не сыйлау керектігін білесіз.

Ерекше шешім

Терезеден қысқы көріністі тамашалап отырып, бір сәтке жылы жазға оралғың келеді. Бұл ойыңызды келесі сыйлықтар арқылы жүзеге асыруға болады:

  • трансформер жамылғы;
  • косметика жиынтығы;
  • кеңседе қолдануға болатын жастық;
  • үстел ойындарының жиынтығы;
  • әдемі суреттері бар шәйнектер.
CC0 / StockSnap / Қос ғашық құшақтасып тұр
Қос ғашық құшақтасып тұр - Sputnik Қазақстан
Қос ғашық құшақтасып тұр

Қарапайым әрі жарқын түсті

Қарапайым кәдесыйлар тамаша жаңажылдық сыйлық бола алады. Минимализмді жақсы көретін жақындарыңызға келесілердің біреуін таңдауыңызға болады:

  • тиын салуға арналған футляр;
  • фотосуретке арналған жиектеме;
  • органайзер-шәшке;
  • галстукке арналған қысқыш;
  • планшетке арналған тіреуіш;
  • салауатты өмір салтын ұстанатындарға ланчбокс пен су құятын бөтелке;
  • тиынға арналған ерекше сандықша.

Бірақ бұл сыйлықтарды мүмкіндігінше ерте алғаныңыз жөн. Әйтпесе мерекеге дейін сыртын безендіріп үлгермеуіңіз мүмкін. Сондай-ақ, қолдан жасалған ашықхат та артық болмайды. Ашықхатты ішіне тілек жазылған қағаздар салынған банкамен алмастыруыңызға болады.

CC0 / rawpixel / Қолдан жасалған сабын сыйлық
Қолдан жасалған сабын сыйлық - Sputnik Қазақстан
Қолдан жасалған сабын сыйлық

Хенд-мейд тосынсыйлар

Махаббатпен қолдан жасалған кез келген сыйлықтың энергетикасы жақсы болады. Аздаған уақытыңыз болса, қиялыңызға ерік беріп, сыйлықты қолдан жасауыңызға болады.

Мысалы:

  • интерьерді толықтыратын жастықтар;
  • шыршаға тағатын жұмсақ ойыншықтар;
  • жұқа жіптен тоқылған дастархан;
  • кілт салғыш;
  • әдемі суреті бар алжапқыш;
  • майда-шүйде заттар салуға арналған органайзер;
  • печеньеден жасалған шырша;
  • скрапбукинг стиліндегі фотоальбом.

Жақындарыңызға Жаңа жыл мерекесінде қандай сыйлық сыйлайтыныңызға қарамастан, бастысы көңіл екенін ұмытпаңыз. Кейде қымбат сыйлыққа қарағанда, уақытылы айтылған жылы сөз жанды жылытады.

Жаңалықтар
0