Өңірлер

Ақмола облысында Моцарт пен Курт Рассел жер кезегінде тұр – әкімдік мән-жайды түсіндірді

© Photo : pixabay / fancycrave1Компьютер
Компьютер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 10 сотық жер алу кезегінде "өлі жандардың" қайдан пайда болғанын шенеуніктер түсіндірді

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімдігі дау тудырған мәліметке қатысты түсініктеме берді. Жер қатынастары аудандық бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Иван Данилочкиннің айтуынша, жер кезегінде танымал тұлғалардың есімі zem.kz сайтының тест режимі кезінде пайдаланылған. Қазір "өлі жандардың" орнында шынайы тұлғалардың тізімі тұр.

Жеңіс Қасымбек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда жер учаскесін беру тетігі өзгереді

Естеріңізге сала кетсек, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 10 сотық жер алу кезегінде бұрынғы қазақ батырлары мен өмірден озған танымал жұлдыздардың есімдері табылған болатын.

Заңгер Бақытжан Базарбек Facebook парақшасында бөліскендей, ҚР жер ресурстарының ресми порталындағы кезекте XVIII ғасырда өмір сүрген австриялық композитор Вольфганг Амадей Моцарт, Ресей империясы кезіндегі теңіз революционері, лейтенант Шмидт және голливудтық жұлдыз Курт Рассел бар болып шыққан. Олар Ақкөл ауданы Азат ауылында жеке тұрғын үй салу үшін 10 сотық жер "алмақшы".

Заңгер Ақмола облысы әкімдігінен мән-жайды түсіндіруді сұрады.

Пәтер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде баспана алуға құжат қабылданады

"Жер кезегінде "фейктер" қайдан жүр? Ақпараттық қауіпсіздік қорғанысын қамтамасыз ету жүйесі қайда?", — деп сұрақ қояды пост авторы.

Бұл жайтты жер қатынастары аудандық бөлімі түсіндіріп өтті. Оның басшысы міндетін атқарушы Иван Данилочкиннің сөзіне сүйенсек, zem.kz сайты 2017 жылдың қарашасында жасалып, ұзақ уақыт бойы тест режимінде болды. Бұл сайтты "Госзакупщик" ЖШС жасаған екен.

"Сынақ кезеңінде кезекте тұрғандарды тез табу үшін әдейі жалған фамилияларды енгізген. Кейін сол есімдерді іздеп көріп, жүйе дұрыс істеп тұр ма, жаңағы адам кезекте бар ма – тексерген. Тест режимі аяқталған соң, олар бұл есімдерді базадан жойды", — деп түсіндірді Данилочкин.

Қазір сайт жұмыс істеп тұр, деректерді көріп қана қоймай, түзету енгізуге де болады.

"Сайт іске қосылды, деректерді мемлекеттік орган ретінде өзіміз енгіземіз. Жер кезегінде ешқандай Моцарт пен Курт Расселдің болуы мүмкін емес", — деді агенттікке сұхбат беруші.

Айта кетсек, қазір жеке тұрғын үй құрылысы бойынша Азат ауылынан жер алу кезегінде ешкім жоқ. Ал жалпы Ақкөл ауданы бойынша 1 718 адам кезегін күтіп отыр.

Жаңалықтар
0