Қоғам

"Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде баспана алуға құжат қабылданады

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуПәтер
Пәтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағдарламаға Астанада коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар қатыса алады

АСТАНА, 27 қыркүйек— Sputnik. Астанада 2018 жылдың  3 қазанынан бастап "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде құжат қабылданады.

Баспана Астанада коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тіркеуінде тұрғандарға арналған. Пәтерлер "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚИК"ИҰ" АҚ), "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы  (бұдан әрі – "ҚТҚЖБ" АҚ бағыттары бойынша үлестіріледі, деп хабарлады Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?

"ҚИК" ИҰ" АҚ бағыты бойынша сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін 80 пәтер беріледі. Тұрғын үйді 20 жылға дейін жалдауға болады. Астана қаласы, Лепсі көшесі мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын кешенінде жалға берілетін тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 838 теңге тұрады, оның ішінде: көлемі 39,34-тен – 41,51 шаршы метрге дейін 25 бір бөлмелі пәтер; 54,71-ден – 67,37 шаршы метрге дейін 41 екі бөлмелі пәтер; 76,88-ден – 77,69 шаршы метрге дейін 14 үш бөлмелі пәтер бар.

"ҚТҚЖБ" АҚ тұрғын үйі" бағыты бойынша Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (кезектегілер) келесі санаттар бойынша қатыса алады: көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1 және 2-топтағы мүгедектер.

Осы бағыттағы қатысушыларды қалыптастыру мына кіші топтар мен өлшемдерге сәйкес жүргізіледі:

1-кіші топ – жоғарыда көрсетілген санаттағы кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы отыз бес жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баланы) жасы отыз беске толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған "толық емес отбасылар";

2-кіші топ – 1-кіші топқа енгізілмеген, жоғарыда көрсетілген санаттағы кезекте тұрғандар.

Пәтер - Sputnik Қазақстан
Экономика
"7-20-25" баспанаға мұқтаждардың барлығын бірдей жарылқай алмауы мүмкін

"ҚТҚЖБ" АҚ тұрғын үйі” бағдары бойынша  Астана қаласының әкімдігі мен "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы арасында Астана қаласында №№ 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 (жобалық атаулар) көшелері қиылысы ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешенінде орналасқан 4 класты жайлылықты, тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 120 теңге болатын 21 пәтерді сату бойынша 2016 жылғы 26 шілдеде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Оның ішінде: 39,4-тен – 42,48 шаршы метрге дейін 3 бір бөлмелі пәтер; 57,59-дан – 58,43 метрге дейін 15 екі бөлмелі пәтер; 76,97-ден – 78,06 метрге дейін 3 үш бөлмелі пәтер бар.

Тұрғын үй өз қаражаты немесе тұрғын үй құрылыс жинағынан, несие есебінен тікелей сатып алу арқылы жеке меншікке беріледі. Төлем қабілеттігі расталмаған жағдайда тұрғын үй 8 жылдан аспайтын мерзімге сатып алумен жалға беріледі.

 Құжаттар өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы  e.astana.kz веб-порталы арқылы ғана қабылданады: "ҚИК" ИҰ" АҚ тұрғын үйі" жүйесінде  – 2018 жылы 3-5 қазан аралығында (қоса алғанда), "ҚТҚЖБ" АҚ тұрғын үйі"  жүйесінде – 2018 жылғы 10 – 12 қазан аралығында (қоса алғанда). Портал тәулік бойы  жұмыс істейді. 

Тұрғын үйді алуға үміткерлерге қойылатын негізгі талаптармен мына жерде танысуға болады.


Жаңалықтар
0