Өңірлер

Өскемен тұрғыны бірден алты бала тапқаны хабарланды. Дәрігерлер не дейді?

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуПерзентхана, архивтегі фото
Перзентхана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ана мен бала орталығының бас дәрігері бірден алты бала туған ана туралы мүлде естімегенін мәлімдеді

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде  Өскемендегі ана мен бала орталығында 19 жастағы ана алты бала босанғаны жайлы ақпарат таралып жатыр. 

Жаңалықты Рита Малышева есімді желі қолданушысы фейсбуктегі "Восточноказахстанцы всех стран, объединяйтесь!" тобында жариялады.

Нәресте, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ауылда тұратын қырық жастағы әйел 44-ші баласын босанды

"Ана мен бала орталығында аса қуанышты, өте сирек кездесетін жағдай болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет 6 егіз бала дүниеге келді. Әуелде дәрігерлер аяғы ауыр әйелге егіз бала деген екен. Бірақ… екеу емес, алтау… Милана Радужная атты ана мен оның балаларының жағдайы қазір жақсы. Балалардың ішіндегі ең ауырының салмағы 1,5 келі, кішісі 800 грамм. Ана әзірше пікір беруден бас тартты. Бірақ балалардың әкесімен тілдестік", — деп жазды ол.

Алтайньюс тілшісі аталған орталықтың бас дәрігері Ермек Омарбековке телефон шалып, мән-жайды анықтапты.

"Бір тәулікте 28 бала дүниеге келді орталығымызда. Бірақ алты бала деген… Жалған! Біз Милана Радужная туралы мүлде білмейміз. Ондай пациентіміз жоқ. Бұл ақпаратты шегіп алған немесе ішіп алған біреу жазған шығар", – деді ол.


Жаңалықтар
0