Әлем

Ауылда тұратын қырық жастағы әйел 44-ші баласын босанды

© Photo : bingngu93Нәресте, архивтегі фото
Нәресте, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Угандалық Мариам Набатанзи 13 жасынан бастап алты егіз, төрт үшем және үш төртем дүниеге әкелген

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. 44 перзент сүйген Мариам Набатанзи әлемдегі ең көп балалы ана атанды.   

Уганданың қырық жастағы тұрғыны 13 жасынан бастап босанған, деп жазды Latestly.com.

 

Мариам Набатанзи Кабимбири ауылында тұрады. Ол бір еркектен алты егіз, төрт үшем және үш төртем туған. 

Үлкен баласы 23 жасқа толды. 44 баланың алтауы шетінеп кеткен, яғни қазір бір үйде 38 бала тұрады.     

Ерімбетовтер отбасы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Отыз жасында 8 бала туған түркістандық келіншек қандай арманы бар екенін айтты

Мариам 12 жасында өзінен 28 жас үлкен ер адамға тұрмысқа шыққан. Әйелдің айтуынша, күйеуі өте қатал адам болып шыққан, болмашы нәрсеге бола соққыға жығып кетеді екен.  

Әйелдің айтуынша, жергілікті дәрігер бір кездері оған бала тууды  тоқтатпауға кеңес берген, өйткені, оның айтуынша, ұрықтанбаған жұмыртқа жинақталып қалса, Мариамның өміріне қауіп төнуі мүмкін екен.  

Соған қарамастан көп балалы ана жүктілікті тоқтатуға әрекет жасаған. Бірақ ауруы асқынып, комаға түсіп қалады. Соңғы баласын 2016 жылы босанған. Осыдан кейін дәрігерлер әйелдің жатыр түтігін алып тастап, мәселені түбегейлі шешіп беріпті.

Мариамның кейбір кішкентай балалары әкесін танымайды, өйткені жауапсыз әке әйеліне жылына бір рет соғып, содан кейін жоғалып кететін көрінеді. 

Угандалық әйел отбасын асырау үшін түрлі жолмен табыс табады. Мысалы, ол емдік шөптер сатып, үйлену тойы әшекейлерін жасайды. 

"Маған Құдайдың көзі түзу, себебі олар (балалар) бір күн де аш қалған емес", — деді Мариам Набатанзи журналистерге берген сұхбатында.

Әйел күніне 10 килограмм ұн, төрт килограмм қант және үш сабын сатып алады.  


Жаңалықтар
0