Қоғам

ІІМ ескертеді: қазақстандықтар жеке куәлігін ауыстыруы керек

© Sputnik / Владислав Водневжеке куәлік
жеке куәлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрлігі мерзімі өткен құжатты уақытында ауыстыру туралы азаматтарды ескертеді

АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. 2009 жылғы ескі үлгідегі жеке куәліктердің жарамдылық мерзімі келесі жылы аяқталады, сондықтан құжатты жаңа үлгідегі чипі бар куәлікке ауыстыру керек, деп хабарлайды

Саусақ іздерін электронды сканерлеу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дактилоскопиядан бас тартқаны үшін қазақстандықтарға жеке куәлік берілмейді
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда ақпаратты электронды тасымалдаушысы — чипі бар жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжат 2009 жылдан бастап беріле бастады. Халықаралық стандарттарға сәйкес олардың жарамдылық мерзімі 10 жыл, яғни келесі жылы аяқталады.

Осыған байланысты ішкі істер министрлігі мерзімі өткен құжатты уақытында ауыстыру туралы азаматтарды ескертеді.

"Құжатты республика аумағындағы кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында (бұрынғы аумақтық қағидат бойынша) ресімдеуге болады. Сонымен қатар ескі үлгідегі құжатты жаңаға айырбастауды  (әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес өзгертілді) ХҚКО-на бармастан жүзеге асыруға болады, ол үшін "электронды үкімет" порталы арқылы сұрау жіберу қажет (3,5х4,5 см. цифрлі фото сурет пен сканерленген жеке қолы графикалық файл түрінде электронды сауалхатпен бірге жолданады)", — деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. 

Қолайлы болу үшін жеке куәліктің жарамдылық мерзімінің аяқталуына дейін бір ай қалғанда жаңа құжатты ресімдеуге болады.

Жаңалықтар
0