Қоғам

Дактилоскопиядан бас тартқаны үшін қазақстандықтарға жеке куәлік берілмейді

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуСаусақ іздерін электронды сканерлеу
Саусақ іздерін электронды сканерлеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу" туралы заң жобасына сәйкес саусақ іздерін тіркеуден бас тартса, Қазақстан азаматтары жеке куәлік ала алмайды, ал ҚР ықтиярхат алуға ниетті шетелдік азаматтар елден қуылады.

АСТАНА, 14 қар — Sputnik.  Дактилоскопиялық және геномдық тіркелуден бас тартқан қазақстандықтарға жеке куәлік берілмейді деп хабарлады ҚР ішкі істер мвице-министрі Рашид Жақыпов "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу" туралы заң жобасын парламент мәжілісінде ұсыну кезінде.

Тіркелуге тиістілер: төлқұжат немесе жеке куәлік алатын Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұрғылықты тұрып жатқан, ҚР жұмыс істеу үшін келген ықтиярхат алуға ниетті шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар. 

"Қазақстан азаматтарына дактилоскопиялық және геномдық тіркелуден бас тартқаны үшін, менің пікірімше, 2 АЕК айыппұл салынатын болады", — деді Жақыпов тілшілерге.

саусақ ізтаңбалары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
2021 жылдан бастап қазақстандықтардың құжаттарына ізтаңбалар енгізу жоспарлануда

Оның айтуынша, тіркелуден бас тартқан шетелдіктер елден қуылады.

Вице-министрдің мәлімдегеніндей, тіркелу нәтижесінде алынған деректер шифрленеді.

Биометриялық ақпаратты пайдалану азаматтардың кім екенін тезірек анықтауға мүмкіндік береді, жалған құжаттар жасауға жол бермейді және шекарадан өту шараларын жеңілдетеді.

Жаңалықтар
0