Қоғам

2021 жылдан бастап қазақстандықтардың құжаттарына ізтаңбалар енгізу жоспарлануда

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтусаусақ ізтаңбалары
саусақ ізтаңбалары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құжаттарына саусақ ізтаңбаларын енгізуді қарастыратын заң жобасын жүзеге асыру шамамен 24 миллиард теңгеге шығады

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Қазақстандықтардың құжаттарына саусақ ізтаңбаларын енгізуді қарастыратын заң жобасы келісудің ақырғы кезеңінде, жақын арада парламентке жолданатын болады, деп хабарлады ІІМ оперативті-криминалистік департаменттің бастығы Серік Саинов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында. 

Саинов атап өткендей, заң жобалары 2016 жылғы 10 шілдеде өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген.

Оның айтуынша, Қазақстанның төлқұжаттық визалық құжаттарына қосымша дактилоскопиялық параметрлер енгізу идентификация жүйесін жасап, әзірлеуге, құжаттарды қолдан жасаудан, ал олардың иелерін алаяқтық және өзге әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді. 

"Бұл мәселе бұрын көтерілген. 2001 жылы біз жаппай құжат ауыстыруға дайын болмадық. 2009 жылдан бастап құжаттарды электрондық чипы бар жаңа құжаттарға ауыстырып біттік. 2014 жылы жоба қымбатқа түседі деп, оны кейінге қалдырды. Жоба құны ІІМ үшін 24 миллиардтан астам сомаға бағаланды… 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізтаңбалары бар құжаттар берілетін болады", — деді Серік Саинов. 


Жаңалықтар
0