Спорт

21 жастағы қазақ боксшы америкалықты жеңіп, WBC белбеуін иеленді

CC0 / / Бокс қолғабы
Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бұл Ескендір Харсанның кәсіби карьерасындағы екінші белбеуі

АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан кәсіби карьерасындағы бесінші жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz

Ванес Мартиросян - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкинмен жұдырықтасқан боксшы допинг-тесті "алдағанын" мойындады
Сегіз раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Хорхе Рамос болды. Жекпе-жекте Харсан төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша Ескендір екінші жеңіл салмақ дәрежесінде "жастар" WBC Intercontinental чемпиондық титулын жеңіп алды.

Бұл — кәсіби карьерасында бесінші жекпе-жегін өткізген Харсанның екінші белбеуі. Ол 2017 жылдың қыркүйек айында WBB (бүкіләлемдік боксты бақылау кеңесі) ұйымының белбеуін жеңіп алды.

21 жастағы Ескендір Харсан 2017 жылдың шілде айында дебют жасады.

Жаңалықтар
0