Қоғам

"Жерден 10 мың метр биікте". Қазақстандық сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады — видео

CC0 / StockSnap / Бақытты жұп қыста құшақтасып тұр
Бақытты жұп қыста құшақтасып тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық жігіт сүйіктісіне ұсынысты экипаж мүшелерінің көмегімен жасады

АСТАНА, 3 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық жерден 10 мың метр биікте, ұшақтың ішінде тұрып сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды Лада басылымы. 

Сүйіктіңе ұсыныс жасау - Sputnik Қазақстан
Әлем
Акула, 365 видео, компьютерлік ойын: жігіттер сүйіктісіне жасаған ең ерекше ұсыныстар
Қос ғашық Ақтау қаласына ұшып бара жатқан. Жігіт алдын ала экипаж мүшелерімен келісіп, стюардесса Айжан есімді ару үшін ерекше ұсыныс бар екенін айтады. Микрофон арқылы айтылған осы сөздерден кейін жігіт раушан гүлдерін сыйлап, тізе бүгіп, сүйіктісіне сөз салады.

"Біз Ақтауға қарай ұшып бара жаттық. Жол ортасында бортсерік әдеттегідей микрофон арқылы барлығымызға хабарландыру жасады. Кейін "Жолаушы Айжан Мендыгарин, сіз үшін бір жас жігіттен арнайы ұсыныс бар" деп айтты. Осы сәтте мен микрофонмен жанына келіп гүлімді сыйлап, бір тіземді бүгіп, маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасадым. Ол "Иә" деп жауап берген соң, қолына жүзік тақтым. Айналамыздағылар қошеметтей түсті", — деп жазды жігіт.

Бұл сәтті жолаушылар ғана емес, ұшақтағы экипаж мүшелері де видеоға түсіріп алған екен.

Жаңалықтар
0