АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. Ғашықтар күні көптеген адам қарым-қатынасқа келгенде жаңа өмір бастауды ұйғарады. Яғни ер азаматтар сүйіктісіне осы күні ұсыныс жасап, шаңырақ көтереді. Әдетте сценарий бәрінде бірдей: гүл, романтикалық кешкі ас, жүзік және сауал. Мұндайда арулар ұсынысты қабыл алып, сүйіктілерін қиялдары шектеулі екені үшін айыптамауға тырысады. Алайда ер азаматтардың ішінде ешкімге ұқсағысы келмейтіндер де бар. Бұл бірегей жағдайлар туралы олардың туыстары мен достары ұзақ жылдар бойы айтып жүреді.
Америкалық аттракциондар
Бір ролик кейіпкері сүйіктісіне қатты жылдамдықпен жүретін америкалық аттракционда отырып ұсыныс жасаған екен.
"Америкалық аттракциондар керемет көңіл-күй сыйлайды және күтпеген жерден бұрылады. Өмір де дәл сол секілді. Бірақ, өмір атты ұзақ жолда серікпен жүрген әлдеқайда жақсы. Менің өмірлік серігім боласың ба, Элли?" — деп сұрайды жігіт.
Компьютерлік ойын
Бағдарламашы Роберт Финк өзінің сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасаған екен. Алайда оның бұл әрекетін көп адам қайталай алмады. Себебі, бұл үшін компьютерлік бағдарламаларды бес саусағыңдай меңгерген болуың керек. Жігіт қызына ұсыныс жасау үшін компьютерлік ойын жасап шығарған екен. Ешнәрсе сезбеген бойжеткен ойын біткенде экранға шыққан жазуды көрген кезде қатты қуанып қалған.
365 ұсыныс
Дин Смит қызы Дженниферге ұсыныс жасау үшін бір жыл бойы дайындалған екен. Жігіт күн сайын ол қызға қалай үйленгісі келетінін айтып видеоға түскен. Бірінші видеороликті ол 2014 жылдың 8 қаңтарында түсірген. Кейін Смит осыған ұқсас видеоны бір жыл бойы түсіреді. Араға бір жыл салып жігіт саяхат кезінде сүйіктісіне жүректегі сырын жайып салады. Дин Дженниферді жағалауға шақырып, әлгі видеолардың барлығын көрсетеді.
Акулалар арасында
Америкалық Джошуа Хед ұсыныс жасаудың бірегей тәсілін ойлап тапқан. Гавайяда демалып жатқанында жігіт қызына акулалармен бірге океанариумде жүзуді ұсынады. Екеуі суға түскеннен кейін Хед "Маған тұрмысқа шығасың ба?" деген жазуы бар тақта көрсетеді. Қуанған қызға иә деп жауап беруге су да, акулалар да еш кедергі келтірмейді.
Ұсынысты танысыңа жасату
Музыкашы Мэтт Халберт актер Зак Брафты өзінің орнына ұсыныс жасауға көндіреді. Тамаша идея!
Жұлдыздың бетін қандай қыз қайтарады деп ойлайсыз?
"Дженис, ол менен саған бір сұрақ қоюымды өтінді. Ол саған уәде еткендей ешуақытта рок жұлдыз бола алмайтынын біледі. Бірақ сен үшін оның әзірдің өзінде рок жұлдыз болып үлгергеніне сенімдімін. Ол сенен әйелі, қалыңдығы болуыңды сұрайды. Бірақ сен бұл сұраққа жауап бермес бұрын өзгелер саған қандай кеңес айтатынын бірге көрейік", — дейді Браф.
Мэтт өзге достары мен үй жануарларын Дженисті "иә" деп көндіру үшін пайдаланады. Арасында бұл өтінішті Мэттің әжесі ғана орындамайды. Немересін қызғанып қалса керек. Соңында Дженис көзіне жас алып, жылап жібереді.
Барлығы кока-кола болады
Америкалық Донни Макгилврэй қызына кола бөтелкелерінің көмегімен ұсыныс жасаған. Ол тоңазытқышқа "Тамаша Элоиза, маған тұрмысқа шығасың ба?" деген жазуы бар алты бөтелке қойып қояды.
Өкінішке орай, әзірге Coca-Cola компаниясы сұрақ және леп белгісі бар бөтелкелер шығармаған екен.
Донни сүйіктісінен тоңазытқышта тұрған сүтті алып беруді сұрайды. Кейін қыз тоңазытқышты ашып қалғанда әлгі жазуды көреді.