АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Мюнхен университетінің ғалымдары анықтағандай, ұйықтап жатып қорылдайтын ер азаматтар мен қыз-келіншектер уақыт өте келе жүрек-қантамыр ауруына шалдығуы мүмкін.
Eurek Alert хабарлауынша, ауа жетіспеушілігінің зардабы ер адамға әйел затынан қарағанда "кешірек" тиеді – нәзік жандылар небәрі бірнеше жылдың ішінде жүрек дертіне ұшырауы ықтимал.
Зерттеушілер атап өткендей, емдік шаралар қабылдамау немесе дұрыс жатып ұйықтамау салдарынан апноэ — тыныстың қысқа уақытқа тоқтауы туындайды. Бұдан бөлек, қорылдау салдарынан жүректің сол жақ қарыншасы кішірейіп, қан ағысына ықпал етеді.
Ал қорылдаудың басты себебі – артық салмақ пен ұйықтағанда қисық жату. Ал тыныс жолдарының ауруы қорылдаудың негізгі себебіне жатпайтын көрінеді.