Әлем

Ғалымдар қандай қалыпта ұйықтау өлімге әкеліп соқтыратынын анықтады

© pixabay/xiangying_xu Ұйқы
Ұйқы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Етпеттеп ұйықтағанда мойын бұлшықеттері жылдам ұйып қалып, тамырларға кері ықпал етеді

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Ғалымдардың зерттеуінше, етпеттеп жатып ұйықтау адамның тыныс алу процесін бұзады.

Америкалық Майо клиникасының ғалымдары ұйқыға қандай қалыптың зиянды екенін айтты. Сарапшылар етпеттеп жатып ұйықтау түнгі демалысқа өте қолайсыз деген пікірде.

ұйқы салы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бастырылу деген не және одан қалай арылуға болады?

Bustle порталы клиниканың зерттеуіне сілтеме жасап хабарлағанындай, етпеттеп жатып ұйықтау бас пен мойынның бұрылуына кедергі болады. Соның салдарынан ұйқыдағы адамның тыныс алу процесі бұзылады. Яғни, қарынмен жатқан адам толық тыныстай алмайды.

Осы қалыпта жатқан кезде мойын бұлшықеттері жылдам ұйып қалып, тамырларға кері ықпал етеді. Арқаға қосымша салмақ түседі – ғалымдар оны болдырмау үшін қарынның төменгі бөлігіне тағы бір жастық қоюға кеңес береді.   

Бұдан бұрын созылмалы ұйқы жетіспеушілігі жүректің ишемиялық ауруларын тудырып, инсульт тәуекелін 11% —ға арттыруы мүмкін екені белгілі болған еді. 

Ғалымдар бір бүйірмен жатып ұйықтау ең пайдалы қалыптардың бірі деп есептейді. Адамдардың  40% дәл осылай ұйықтайтын көрінеді. Денсаулыққа тиімді және қауіпсіз ұйқы жеті-сегіз сағатқа созылуы керек.  


Жаңалықтар
0