Әлем

Үш баланың анасы төсін үлкейткен, бірақ соңы жақсылықпен аяқталмады

© Photo : PexelsӘйел
Әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
36 жастағы әйел дене бітімін жақсарту үшін кеудесіне ота жасатқан

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Косметолог Луиза Харви дене бітімін әдемірек ету үшін ота жасатып, төсін үлкейткізген. Алайда операциядан кейін 17 күн өткен соң үш баланың анасы қайтыс болды – ол өкпедегі қантамырды бітеп тастаған ұйыған қанға тұншығып қалған, деп хабарлайды Daily Mail.

Жансақтау - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Кеудесіне пластикалық ота жасатқан алматылық әйел көз жұмды

36 жастағы Луиза Харви өз дене бітіміне көңілі толмай, Лондондағы емханалардың бірінде төсін үлкейтпек болады. Әуелі операция сәтті шыққандай көрінген – әйелді бірнеше күнде ауруханадан шығарыпты. 

Алайда көп ұзамай Луиза демікпеге шалдығып, тағы да дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Әйелді шұғыл арада ауруханаға жатқызғанымен, өміріне араша түсу мүмкін болмады – пластикалық отадан кейін 17 күн өткен соң ол өкпедегі қантамырдың бітеліп қалуынан көз жұмды.

Сарапшылар анықтағандай, операция кезінде дәрігерлер қанның ұйып қалғанын байқамапты. Кейінірек ұйыған қан ағзада қозғалып, өкпеге қан тасымалдайтын тамырды бітеп тастаған. Енді мамандар әйелдің қазасының себебін нақтылауы тиіс – дәрігердің қателігі ме, әлде жазатайым оқиға ма?

Луиза Харвидің соңында он сегіз, он бір және алты жастағы үш баласы қалды. Ана өлімі үшін жауапкершілікті кім мойынына алатыны әлі белгісіз.

Жаңалықтар
0