Қоғам

Ұшақта шыққан жанжал: билетсіз кіргендер мен тіл үшін күрескендер қалай жазаланды?

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшақтағы шудың көбінде азаматтар айыппұлмен құтылып кетсе де, арасында ақшасы мен қызметі көмектеспеген жағдайлар да жетерлік

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Ұшақта болатын оқыс жағдайлардың көбісінде жолаушылар айыппұлмен құтылып кетіп жатады. Десе де, арасында айыппұл көмектеспейтін жағдайлар кездеседі. Әсіресе, бұл танымал жұлдыздар мен мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Осы орайда  тілшісі отандық әуе компанияларының ұшақтарында болған даулы оқиғаларға шолу жасады.

Ұшаққа билетсіз кірген Төреғали Төреәлі 

Қыркүйек айының ортасында Төреғали Төреәлі әйелі мен балаларын шығарып салу үшін Алматы-Гонконг бағытында ұшқалы отырған ұшаққа кіріп алған еді. Яғни әншінің сол кезде қолында билеті болмаған. 

Төреғали Төреәлі ойнаған Ұлы дала комедиясы фильмінің премьерасы - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Төреғали Төреәлі шу туралы: жұрттың тірлігі маған келгенде жаңалық болып кетеді
Алматы әуежайының қызметкерлері Төреғалидің қолында ерекше күтімді қажет ететін бала болғандықтан, VIP залға өткізіп жіберуді сұрағанын айтып ақталды. Кейін қызметкерлер бұл ақпаратты жоққа шығарды. Әншінің тексеруден өтпей ұшаққа қалай кіріп алғанын әлі күнге дейін ешкім түсіндіре алатын емес. Кінәлілер 20 АЕК көлемінде айыппұл төледі.

Бұдан өзге 16 қазанда Алматы әуежайындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Төреғалиге қатысты ҚР әкімшілік кодексінің екі бабы бойынша іс қозғап, әншіге 5 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Қазақстандықтар арасында штаттан тыс жағдайлар жиі болып отырады. Әдетте бұл шулы оқиғаларда басты "кейіпкерлердің" есімі аталмайды. Десе де арасында танымал адамдармен болатын жағдайлар да кездеседі.

"Ішімдік емес, дәрі іштім"

Тағы бір атышулы оқиға қазақстандық "Эйр Астана" әуе компаниясымен болса да, бас фигурант Қырғызстанның шенеунігі болып шықты.

Көрші республиканың еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Зууракан Кәденова Сеул-Алматы-Бішкек рейсімен ұшпақ болған. Бірақ аталған рейсті орындайтын ұшақ әйелдің әдепсіз әрекетінен ұшпай қалды. Осы ұшақта отырғандар әйелдің ішімдік ішіп алып, әуе қызметкерлерімен ұрысқанын айтты. Кейін оны салоннан шығарып, отырған адамдар қосымша тексерілді. Ұшақ жалпы екі сағатқа кідірді.

Тағы оқыңыз:

Араға біраз уақыт салып Кәденова болған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, ішімдік емес, корвалолды тым көп мөлшерде ішіп алғанын айтты. Себебі, сұйық дәріні өзімен бірге алып кіруге рұқсат бермей қояды деп қорыққан. Осы жағдайдан кейін ол қызметінен қуылды. Сондай-ақ бұл тосын жаңалықты ол БАҚ өкілдерінен білген.

Қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен жолаушы

Тағы бір шетелдік, Түркия елінің азаматы Оғыз Доған "Эйр Астана" бортында Қазақстанда қазақ тілінің қолданылуына қатысты шу шығарды.

Бір жыл бұрын Астана-Алматы бағытында ұшып бара жатқан ұшақ жолаушысы алдындағы тамақ қоятын үстелді алудан бас тартқан. Бұған борт қызметкерінің өзіне орыс тілінде өтініш жасауы себеп болған. Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл өтінішті борт қызметкері кейін ағылшын және қазақ тілдерінде де айтқан. Доған осы жағдайды видеоға түсіріп алып, аталған ролик әлеуметтік желіде лезде тарап кетті.

Казкоммерцбанк - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Qazkom-ды әдейі таңдаған едім". Оғыз Доған тіл үшін неге күресіп жүргенін айтты
Оғыз Доғанға қауіпсіздікті сақтамағаны үшін 6 800 теңге көлемінде айыппұл салынды. Көп ұзамай журналист "Эйр Астана" АҚ ұлттық әуе компаниясын мемлекеттік тілді құрметтемегені үшін сотқа беріп, моральдық өтемақы ретінде 1 теңге сұрады. Сотта Оғыз Доған жеңіп шықты.

Араға бірнеше ай салып түрік журналисі тағы да жаңалықтардан көрінді. Бұл жолы ол банк қызметкерлерінен қазақ тілінде жауап беруді талап еткен екен. Банк өз кезегінде одан кешірім сұрады.

Журналист қамауға алынды

Бұл қазақ тіліне қатысты ұшақта болған жалғыз шу емес. 2013 жылы қазақстандық журналист Жарылқап Қалыбай Анталиядан Алматыға қарай ұшып бара жатқан жайсыз жағдайдың куәгері болды.

Болған жағдайға қатысты екі нұсқа жүр. Қалыбайдың айтуынша, борт қызметкері оның қазақ тілінде жауап беру туралы өтінішіне мүлдем құлақ аспаған. Ал "Скат" әуе компаниясының өкілі керісінше "Жұлдыздар отбасы" журналының редакторы мас болып, қатты ашулы болғанын жеткізді. Сондай-ақ, салон ішінде қызметкерлердің әрі-бері жүріп қозғалуына кедергі келтірген екен.

Тағы оқыңыз:

Куәгерлер мен медициналық сараптамалардың арқасында кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екені анықталды. Ақырында журналист "қоғамдық тәртіп үшін жауап беретін азаматтарға көнбегені үшін" үш күнге тұтқындалды.

Мақсат Үсенов тағы даудың ортасында

Мақсат Үсенов (сол жақтағы) сот ғимаратының алдында - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мақсат Үсенов есірткімен ұсталғаны үшін сотталды
2017 жылы атышулы Мақсат Үсенов әуе кемесінде ереже бұзғаны және кішігірім бұзақылық үшін екі бап бойынша жазаланды. "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы департаменті басшысының ұлы 10 тәулік қамауда болып, 3 АЕК көлемінде айыппұл төледі.

Оқыс жағдай Алматыдан Бангкок қаласына бағыт алған ұшақ ішінде болды. Үсенов бұл кезде бортсеріктерге ұрысып, ұшақ дәретханасында шылым шеккен. "Эйр Астана" қызметкерлері ереже бұзушыны Бангкок полициясына табыстағанымен, олар оны қамауға алудан бас тартады. Бірақ Қазақстанға келген соң Үсенов жазаланды. Сондай-ақ, салық қарызы болғанына қарамастан, мемлекеттен шыққаны анықталды. 

Жаңалықтар
0