Қоғам

Жыл басынан бері 2,5 мың қандас Қытай азаматтығынан шықты

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуГонконг. Архивтегі фото
Гонконг. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір қос азаматтығы үшін ұсталған Қазақстанның 14 азаматы Қытайдан елге орала алмай отыр

АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Осы жылдың 9 айы ішінде 2,5 мыңға жуық этникалық қандас Қытай азаматтығынан шыққан. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі. 

Смадияров Қазақстан Қытаймен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқанын еске салды.

Қиырдағы қазақтар фильмінің кейіпкерлері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қытайдағы қазақ мәселесі: жанашыр азаматтар қандай қиындыққа тап болғанын айтты

"Жыл басынан бері Қытай аумағында қос азаматтығы үшін 29 қазақстандық ұсталды. Біздің жұмысымыздың арқасында 15-і босатылып, елге оралды. Қазіргі таңда Қазақстанның 14 азаматы Қытайдан шыға алмай отыр", — деді ол апта сайынғы брифингте. 

Оның айтуынша, Қытай тарапының мәліметіне сәйкес, Қазақстан азаматтығын алғандар мен Қытай азаматтығынан шығу процесін рәсімдеуде біраз жақсы өзгеріс бар. 

"Осы жылдың тоғыз айы ішінде 2,5 мыңға жуық этникалық қазақ Қытай азаматтығынан шығарылды. Ал 26 қарашаға дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне 915 өтініш келіп түскен. Сондықтан атқарылатын жұмыс өте көп. Біз бұл жұмысты күнделікті жалғастырып келеміз. Әрбір жазылған өтініш шетте қалмайды", — деп сендірді Смадияров.  

Баспасөз қызметінің жетекшісі Қазақстанның ықтиярхатын алған қандастар екі елдің арасында жүре алатынын, алайда оларға Қазақстан азаматтығы Қытай азаматтығынан толығымен шыққаннан кейін ғана берілетінін атап өтті.

Жаңалықтар
0