Оқиға

Алматыда автокөлікті пойыз сүйреп әкетті – фото

© SputnikАвтокөлік пойызға соқтығысты
Автокөлік пойызға соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол-көлік апатынан жүргізуші ауыр жарақат алған жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр

АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Жол апаты Алматыдағы Сүйінбай-Рысқұлов даңғылдарының қиылысында болды.

Саратов облысында автобус пойызбен соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстан азаматтары Ресейде жантүршігерлік апатқа ұшырады

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai Accent автокөлігі Сүйінбаймен солтүстікке қарай жүріп бара жатқан. Бұрылыста жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып, жолдың жиегіне ұшып түскен, содан соң солтүстік бағытта жүріп бара жатқан пойыз вагондарының біріне соқтығысады.   

Салдарынан автокөлікті пойыз шамамен тағы 50 метрге сүйреп әкетеді. Машинист оқиғаны байқамаса керек, одан әрі жүріп кете берген.

Жол-көлік апаты салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алған жоқ.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себебін анықтауға кірісті.

© SputnikСүйінбай-Рысқұлов даңғылдарының қиылысындағы жол апаты
Сүйінбай-Рысқұлов даңғылдарының қиылысындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
1/2
Сүйінбай-Рысқұлов даңғылдарының қиылысындағы жол апаты
© SputnikАвтокөлік теміржолдың жанында тұр
Автокөлік теміржолдың жанында тұр - Sputnik Қазақстан
2/2
Автокөлік теміржолдың жанында тұр
1/2
Сүйінбай-Рысқұлов даңғылдарының қиылысындағы жол апаты
2/2
Автокөлік теміржолдың жанында тұр


Жаңалықтар
0