Оқиға

Қазақстан азаматтары Ресейде жантүршігерлік апатқа ұшырады

© Photo : ИА "Взгляд-инфо"Саратов облысында автобус пойызбен соқтығысты
Саратов облысында автобус пойызбен соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейде автобус пен пойыз соқтығысып, бес адам өлді, екі Қазақстан азаматы – жүргізуші мен оны ауыстырушы жарақат алды

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Саратов облысында жүк пойызының автобуспен соқтығысуы салдарынан Қазақстанның екі азаматы ауыр жарақат алды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Трассадағы автобус, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жолаушылар автобусы жол апатына түсті: Шымкент тұрғыны ұсталды

Жол-көлік оқиғасы сенбі күні Астана уақытымен шамамен сағат екіде (Мәскеу уақытымен 11.00) Саратов облысының Озинск ауданында болған. Саратов-Ульянов бағдарымен келе жатқан жолаушылар автобусы темiржол өткелiнде жүк пойызымен соқтығысқан.

Автобуста жеті адам: бес Өзбекстан азаматы, екі Қазақстан азаматы – жүргізуші мен оны ауыстырушы болған. Барлық жолаушы қаза болып, жүргізушілер ауруханаға жатқызылды.   

Облыстық денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шегушінің біреуі хал үстінде жатыр, екіншісінің жағдайы орташа, деп хабарлады РИА Новости.

Қазақстанның Астрахань қаласындағы консулы Қанат Шекқалиев зардап шеккен қазақстандықтар жеткізілген ауруханамен байланыс орнатып жатыр.  


Жаңалықтар
0