Қоғам

Қазақстанда 16 жастағы қыздарға түсік жасатуға заңмен рұқсат етілуі мүмкін

© Photo : Рixabay/PexelsЖүкті әйел
Жүкті әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі заңнама бойынша кәмелетке толмаған қыздарға медициналық көмек көрсету үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі міндетті түрде керек

АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қыз балаларға 16 жастан бастап ата-анасының келісімін алмай-ақ, жасанды түсік жасата беруді заңға енгізгісі келіп отыр. 

Мектеп оқушылары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вакцина салдырмаған оқушыларды мектепке кіргізбеу ұсынылды
Қазіргі заңнама бойынша кәмелетке толмаған қыз балаларға медициналық көмек көрсету үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі міндетті түрде керек. Денсаулық сақтау министрлігі осыны кедергі деп, заңнан алып тастағысы келеді, деп хабарлайды КТК. 

"Жасөспірімдер 16 жастан бастап өз бетінше шешім қабылдайтын болады. Бұл әлемде бар тәжірибе. Қазір аяқасты бала көтеріп қалған қыздар көбейіп барады. Ал осы заң жүктіліктің ерте кезеңінде тиісті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді", — дейді денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.  

Яғни, қыз бала өз бетінше шешім қабылдайды да, оған ата-анасы немесе заңды өкілі араласпайды. Дәрігерлер де жасанды түсік жасау үшін үлкендерден рұқсат сұрап жатпайды. Адам өз тағдырын өзі шешетін болса да, мұндай жағдай жасөспірімдердің таным-түсінігіне тым ауыр, дейді психологтар. 

"Кішкентай қыздарды түсікке апару тығырықтан шығудың жолы емес. Барлық мектепке барып, сол қыз балалармен, жігіттермен сөйлесу керек. Жыныстық сауатын ашуымыз қажет", — дейді психолог Әсия Мәмбеталина.

 

Ресми деректерге қарасақ, ерте жастан жүкті болған қыздар азаймай отыр. Былтырдың өзінде олардың саны үш жарым мыңға жетіп қалған. Әйтсе де заңға енгізуге ұсынылған бұл өзгерістер алдағы уақытта қоғам талқысына түсуі керек. Ал әзірге елімізде аяғы ауыр жас қыздардың жағдайына болысатын 105 жастар денсаулығы орталығы жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0