Қоғам

Вакцина салдырмаған оқушыларды мектепке кіргізбеу ұсынылды

© Sputnik / Игорь ЗарембоМектеп оқушылары
Мектеп оқушылары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі сәтте вице-министрдің ұсынысы қаралып жатыр

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігіндегілер екпе егілмеген балаларды мектепке кіргізбеуді ұсынды.
Ведомстводағылар вакцинадан бас тарту мәселесін заңнамалық деңгейде шешу керек деген пікірде.

екпе - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр неге балаға вакцина егуге қорықпау қажеттігін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Ләззат Ақтаева вакцина салынбаған балалардың мектеп ұжымы үшін үлкен қауіп төндіретінін айтты. Ол түсіндірме жұмыстарын жақсартып, балалардың денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыруды ұсынды. Оның пікірі ведомствоның Facebook желісіндегі ресми парақшада жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер жыл сайын Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы бес миллионнан астам адамның, оның ішінде 1,3 миллион баланың вакцина салдыратынын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, биыл екі мыңнан астам вакцина салдырудан бас тартқан. Ведомстводағылар ұлттық вакцина салдыру күнтізбесінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына толықтай сәйкес келетінін айтып сендіріп отыр. 

Жаңалықтар
0