Мәдениет

Данэлия Төлешова тыңдармандарына үндеу жасады

Жазылу
Данэлия байқауда үшінші болып өнер болып көрсетеді, финал жексенбі күні өтеді

АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. "Балалар Евровидениесіне" қатысып жатқан қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова тыңдармандарын дауыс беруге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Данэлия Төлешова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Данэлия "Балалар Евровидениесінде" шырқайтын әніне бейнебаян түсірді
"Достар, дауыс беру санаулы уақыттан кейін басталады. Сайтқа кіріңіздер. Менің нөмірім – 3",  деп жазған жас әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Байқау шарты бойынша, ұнаған әншіге дауыс бермес бұрын, 20 қатысушының әндерінен үзінді орындаған промо-видеоны көру қажет. Содан кейін ең кемі үш орындаушыға дауыс беру керек. Бес конкурсантты белгілесеңіз де болады. Дауыс берудің аралық қорытындылары сайтта көрсетілмейді. 

Бұған дейін желіде қазақстандық әншіге қолдау көрсету эстафетасы басталған еді. Актер әрі шоумен Дәуіт Шайхисламов барша азаматтарды #OzineSen жазуымен суретке түсіруге шақырды. Данэлия орындайтын ән осылай аталады екен. 

Акцияны мәнерлеп сырғанаудан екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко мен ресейлік эстрада әншісі Стас Михайлов қолдады. 

"Балалар Евровидениесі" байқауының финалы 25 қарашада өтеді.

Жаңалықтар
0